РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-шы бабына, 31 бабының 1 тармағына, Жер Кодексінің 2, 15, 17, 107, 108 баптары негізінде, сәулет және құрылыс комитетінің 2010 жылға дейін елді-мекендерінің шекараларын (меже) өзгерту жөніндегі орналастыру жобасына байланысты, жер учаскелерін заңдастыру мақсатында, аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылшаруашылығы мақсатындағы көлемі 3300,0 га жер телімі елді-мекендер категориясының жерлеріне көшірілсін.
Шамалған ауылдық аумағы-250,0 га |
Шамалған ауылы-200,0 га |
Қаскелең қалалық аумағы-150,0 га |
Қаскелең қаласы-120,0 га |
Жандосов ауылдық аумағы-100,0 га |
Жандосов ауылы-80,0 га |
Райымбек ауылдық аумағы-130,0 га |
Райымбек ауылы-50,0 га |
Ұмтыл ауылдық аумағы-100,0 га |
Көлді ауылы-30,0 га |
Қарағайлы ауылдық аумағы-300,0 га |
Қарағайлы ауылы-300,0 га |
Таусамалы ауылдық аумағы-129,0 га |
Таусамалы ауылы-9,0 га |
Елтай ауылдық аумағы-890,0 га |
Елтай ауылы-180,0 га |
Жаңа-Шамалған ауылдық аумағы-484,0 га |
Тұрар ауылы-90,0 га |
Іргелі ауылдық аумағы-430,0 га |
Іргелі ауылы-80,0 га |
Ақсай ауылдық аумағы-193,0 га |
Алғабас ауылы-46,0 га |
Бірінші май ауылдық аумағы-144,0 га |
Бекболат ауылы-122,0 га |
2. Картографиялық материалға келістіріп жоғарыда көрсетілген ауылдық аумақтардың шекарасы 3300,0 га кеңейтілсін.
3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық бөлім тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.
Аудан әкімі А.Мұсаханов
Аудан мәслихатының
хатшысы М.Ахметов