Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 7 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 7 ақпанда N 2-12-64 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011.12.20 N 365 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге (әрі қарай бір жолғы әлеуметтік көмек) бір жолғы әлеуметтік көмекті азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін.
       2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тиісті жағдайдың туындаған күнінен бастап 3 ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамға өтініш берген жағдайда, отбасының табысына қарамастан көрсетілуі белгіленсін. Қайтыс болған адамның өлген күнге кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрғаны, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерге ресми түрде тіркеуде тұрғаны ескерілсін.
       3. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Қаймолдина) бір жолғы әлеуметтік көмекті отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы немесе осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда тағайындалуы мен төленуі қамтамасыз етілсін:
      өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      сақтандыру кассасына ұсынылатын азаматтық хал актісін жазу органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
      еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);
      ресми түрде жұмыссыз статусын растайтын анықтама.
       4. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мәдібеков) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін қаражаттың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.
       5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 22 ақпанында 2-12-47 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 2 наурызындағы N 9 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 19 қаңтарындағы N 10 "Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы" қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Естібаеваға жүктелсін.
       7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады