Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 8 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 7 ақпанда N 2-12-65 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011.12.20 N 365 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халықтық кәсіпті дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) 150000 - 200000 теңге мөлшерінде берілуін қамтамасыз ету.
       2. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Қаймолдина) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға, әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты мекен жайына қалалық, кенттік, ауылдық учаскелік комиссиясына әлеуметтік көмекті алу мақсаты, алынған қаржының қандай қызметтер түріне нақты жұмсалатынын өтініште көрсетіп, сондай-ақ әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы немесе осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз ету:
      тұқым сатып алуға жер учаскесі бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алу туралы шарт;
      халықтық кәсіпті дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін негізделген есеп (бизнес жоспар). Кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесін және үлгерім деңгейі мен бизнес-жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысын қосымша тапсырады;
      "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, әлеуметтік көмекті алушы мен қалалық, кенттік, ауылдық учаскелік комиссиялар арасындағы үш жақты шарт.
       3. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мәдібеков) аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыруды дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаеваға жүктелсін.
       6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады