Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің 2009.06.12 N 6-13 Шешімімен
Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 3-04 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының13-тармақшасына Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17–бабының 3-тармағына сәйкес, 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында Қаратал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2. алынып тасталды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 3-04 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
3. алынып тасталды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 3-04 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
4. 1992 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскесінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алу қамтамасыз етілсін.
5. "Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (М.Қорғанбаев) ұсынылсын:
1) 2009 жылғы 17 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияда есепте тұрған жастардың тізімін беру;
2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсету, ол үшін аудандық ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімі өкілдерінен іздестіруді бақылау және іздестіру тобын құру.
6. "Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Р.Тапенов) ұсынылсын:
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тізімге алушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлеу;
Ескерту. 6-1) тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 3-04 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсыру;
3) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізу;
4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастау, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман -дәрігерлеріне тапсыру.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. Сулейменова):
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
8. "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (С. Тинистанов):
1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
2) 1992 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
9. Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі (Ж.Әлімбетов):
1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери- қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
2) алынып тасталды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 3-04 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
10. "Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ғ.Жантурин) осы шешімнің орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу қорытындысы туралы Қаратал ауданы әкіміне 2009 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат тапсыру ұсынылсын.
11. Қаратал ауданы әкімінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1-01 "Қаратал ауданы бойынша 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы" шешімінің, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 7 ақпанында 2-12-62 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 29 ақпанындағы N 9–шы "Қаратал" газетінде жарияланған, орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
12. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаеваға жүктелсін.
13. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов