Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы N 05-45 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 28 ақпанда N 2-13-66 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 сәуірдегі N 28-214 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 25.04.2010 N 28-214 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрайымы К. Меренбаеваға және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Диханбаеваға жүктелсін.
       3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            Дәулет Мұратбекұлы Нүспеков

      Аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов

Кербұлақ аудандық мәслихатының
2008 жылғы 12 ақпандағы N 05-45
"Өздері жылытатын үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі және мөлшері
туралы" шешіміне
қосымша

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджетінің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық - коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      5. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған айдан басталады және сол тоқсанға төленеді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Жұмысқа жарамды бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      8. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      9. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      10. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық, селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет) немесе жал шарты (жалдау);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
      5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға, тоқсан сайын);
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе езгерістер болғанда).
      11. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына - қалалық жерде тұратындарға бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      5) өзге де табыс.
      12. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегі (кұнды бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке косалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, осы факті анықталған тоқсандағы жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады;
      14. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынады.
      15. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      16. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      17. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      18. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      19. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) электр жүйесін қолдану;
      1 адамға - 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) от жағу маусымындағы 3 тонна көмір, түбіртексіз есептелінсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады