Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 28.08.2009 N 23-163 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Жер Кодексінің" 11 тарауының 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Кербұлақ ауданының әкімі мен Кербұлақ аудандық мәслихаты БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округі әкімінің 2008 жылдың 11 қыркүйегіндегі N 106 ұсынысына сәйкес, Қаспан ауылының шекарасы 208 гектарға ұлғайтып өзгертілсін.
2. Аудандық статистика бөлімі (Р.Намазов) аудандық әкімшілік аумақтық бірлігін есепке алу мен тіркеуге тиісті өзгертулер енгізілсін.
3. Осы аудан әкімінің және аудандық мәслихатының бірлескен шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ ауданының
әкімі Нұрбай Қожатайұлы Жантілеуов
Кербұлақ аудандық
мәслихатының сессия төрағасы Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов