РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы, 2-тармағы, 9)-тармақшасына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 30 сәуірдегі N 177 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруы туындаған жағдайға байланысты төмендегі карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шаралары енгізілсін:
1) Мұсабек ауылына (65 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 233 сараптамасы);
2) "Алрун" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан Сасық мал қыстауына (22 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 231 сараптамасы).
2. Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Қабдолданов (келісім бойынша), Көксу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Е.Ешкенов (келісім бойынша) сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Бейсеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Әбдірахманов
Көксу ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 7 мамырдағы
"Карантиндік аймақтарға
ветеринариялық режим мен
шектеу іс-шараларын енгізу
туралы" N 97 қаулысына
қосымша
Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с |
Іс-шараның аталуы |
Орындау мерзімі |
Орындауға |
1. Ұйымдық-шаруашылықтық шаралары. |
|||
1 |
Ауылдық округтердегі |
Тұрақты түрде |
Кенттік, ауылдық |
2 |
Арнайы мал соятын |
Жыл аяғына дейін |
Кенттік, ауылдық |
2. Арнайы ветеринариялық шаралар. |
|||
3 |
Сарып ауруына оң нәтиже |
Сараптау актісін |
Кенттік, ауылдық |
4 |
Ауру болып тіркелген малдарды |
3 күн ішінде |
Кенттік, ауылдық |
5 |
Мал тұрған қоралар мен |
Тез арада, мал |
Кенттік, ауылдық |
6 |
Ауру шыққан ауладағы |
Тұрақты түрде |
Кенттік, ауылдық |
7 |
Ауру мал шыққан |
Мамыр |
Аудандық |
8 |
Аудан тұрғындары |
Тұрақты |
Аудандық |
Аудан әкімінің орынбасары М. Бейсенов