Талғар ауданы бойынша тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы N 8-42 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 31 наурызда N 2-18-61 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 19-104 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2009.03.27 N 19-104 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 шілдедегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 227 Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Талғар ауданы бойынша тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешім аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Мақатов Амангелді Айдосұлы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Ыдралиева Рая Мұсақызы

      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы Тазабеков Чапай Кәкімұлы

      05 наурыз 2008 жыл.

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 05 наурыздағы
N 8-42 шешіміне
1 қосымша

Талғар ауданы бойынша тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      2. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      3. Тұрғын үйді ұстау көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      4. Тұрғын үйді ұстау көмегін алушыларды қайта тіркеу, әр үш ай сайын жиынтық табысы туралы анықтамаларды және тұрғын үй коммуналдық қызметтер (электр жүйесі, газ, су, көмір).Қоқысты шығару және жылу беру (бар қажетпен жабдықталған пәтерлерге) үшін төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
      5. Тұрғын үйді ұстау көмегін алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда (тұрғын үй алушысынан 16 жастан асқан балаларына бір үйден басқа үйі жоқ туралы қолхат алынады);
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет) немесе жал шарты (жалдау);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) немесе азаматарды тіркеу кітабы болмаған жағдайда ауыл селолық округінен анықтама тоқсан сайын алынады;
      5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен тоқсанның соңғы айы);
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
      6. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына – қалалық жерде тұратындарға – бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      6) өзге де табыс өз қолымен жазған өтініш бойынша отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      тұрғын үй көмегі;
      жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
      7. Отбасы құрамына қолданыста жүрген заңға сәйкес тұрғылықты жері бойынша әділет басқармасы органдарында тіркелген адамдар кіреді. Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жайда тіркелген басқа адамдардың өткен тоқсандағы кірісін қосу арқылы есептелінеді.
      8. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай санына бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
      9. Тұрғын үйді ұстау көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) Қала, селолық округтер:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы;
      отбасында 2 адамы барлар үшін – 42 шаршы метр;
      отбасы 3 және одан көп адамнан тұратындар үшін - әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
      2)газ тұтыну – 1 айға 1 кішкене баллон;
      3) электр энергиясын қолдану
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға – 90 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт;
      4) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
      5) от жағу маусымына 3 тонна көмір.
      10. Қала, селолық округтер бойынша көмірдің бағасын есептеу үшін, аумақтың тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуді қала, селолық әкімдіктер белгілейді.
      11. Тұрғын үйге барлық әлеуметтік нормадағы көмір шығыны көмір алу маусымдық болғандығына байланысты от жағу маусымында үш айға бір жолғы тұрғын үйді ұстау көмегін есептеу ескеріледі.
      12. Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үйді ұстау көмегін тағайындағанда құжат тапсырған отбасының өткен тоқсандағы орташа кірісі есептелінеді.
      13. Тұрғын үйді ұстау көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе селолық округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
      14. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне ұсынады.
      15. Ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үйді ұстау көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      16. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді.
      Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      17. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үйді ұстау көмегін берудің негізі болып табылады.
      18. Тұрғын үйді ұстау көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      19. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үйді ұстау көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

      Талғар аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Ч. Тазабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады