Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 11.09.2024 № 331 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының (5-2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға, меншік түріне қарамастан, жұмыс орнының жалпы санының үш пайыз ретінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы белгіленсін
2. Кәсіпорындар мен ұйым басшылары мүгедектердің шектеулі мүгедектігіне орай, жеке ерекшелігіне сай келетін қажетті жұмыс орнын қамтамасыз етсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Турдыбакиев Турсунжанға:
1) жұмысқа орналастыру туралы көмек сұраған мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарын пайдаланып, жұмысқа орналастыру;
2) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру және жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Омаров |