Ұйғыр ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 331 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 6160-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр ауданының әкімі Б. Елеусизова

  Ұйғыр ауданының әкімі 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 331 қаулысына қосымша

Ұйғыр ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізімі

      1. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы № 5-52 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-19-56 болып тіркелген);

      2. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 02-45 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-19-90 болып тіркелген);

      3. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 01-01 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және инернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2304 болып тіркелген);

      4. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 09-333 "Ұйғыр ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2862 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады