Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2009.06.04 N 04-36 Шешімімен
Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 03-30 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
2. Селолық округтер әкімдеріне:
1) 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген нысан бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын;
2) 1992 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;
3) Тізімдердің дұрыстығын тексеруде (Ф-1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1992 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын;
4) алынып тасталды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 03-30 Шешімімен.
5) Шақырылушыларды тізімдеу туралы өз уақытында хабардар етілсін және жеке шақыру қағаздары тапсырылсын, шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттармен қамтамасыз етілсін;
3. Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Мамбеталиев Ақжолтай Тұрдалыұлына (келісім бойынша):
1) алынып тасталды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 03-30 Шешімімен.
2) алынып тасталды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 03-30 Шешімімен.
3) Тізімге алынғанға дейін 1992 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглобинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;
4) 2009 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысанындағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 ІV қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін;
5) алынып тасталды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2009.03.11 N 03-30 Шешімімен.
4.Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Аликеева Күлжахан Кәкішқызы, аудандық білім бөлімінің бастығы Ермухаметова Салтанат Ешмухаметқызы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Хитахунов Турсун жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын;
5. Аудандық білім бөлімінің бастығы Ермухаметова Салтанат Ешмухаметқызына:
1) Тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын;
2) Дайындық деңгейі мейлінше дамыған жастар арасынан жоғары әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу жұмысын жүргізсін;
3) Білім беру мекемесі әскери-патриоттық тәрбиенің тиімділігі мен маңызын арттыру мақсатында "Болашақ сардар", "Әскери білім және әскери патриоттық тәрбие", "Сардар - ерлер мамандығы", "Жастар - сіздерді әскери оқу орындары күтеді" атты қабырға тақталарын ұйымдастырсын.
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жолаев Ержан Сырланқұлұлы (келісім бойынша):
1) Тізімге алу алдында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас еркінен айырылған және тіркеудегі, нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін;
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Турдыбакиев Турсун Тохсуновичке:
1) Тізімге алу пунктіне 2009 жылдың 3 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыскерлер есебінен ресми құжаттармен жұмыс істей білетін, мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін жетік меңгерген 6 жұмыскер бөлсін;
8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Сыдықбаев Ерлан Нұрғалиұлы атқарылған жұмыстар туралы 2009 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін;
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
10. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Омаров