Еркерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2009.10.29 № 16-19 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 5 тармағына , "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 бабының 6) тармақшасына және "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы бойынша 2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 30 наурыздағы N 22-5 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1656 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 сәуірдегі N 67 (16.447) "Ақ жол" және 2007 жылғы 26 сәуірдегі N 46 (16673) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Т.ХАЛЫҚ
Облыстық мәслихат
хатшысы Ә.ӘСІЛБЕКОВ
Төртінші шақырылған Жамбыл
облыстық мәслихаттың 2008 жылғы
8 ақпандағы N 4-3 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары
Р/с |
Көрсеткіштер |
Өлшем |
Қалдықтардың |
ставка, |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары 1 |
шартты |
582,0 |
|
2 |
Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден |
пайдаланыл- |
||
этилденбеген бензин үшін |
576,0 |
|||
дизель отыны үшін |
784,5 |
|||
сұйытылатын, сығылған газ үшін |
427,5 |
|||
3 |
Ластаушы заттардың |
шартты |
||
су көздеріне 2 |
15654,0 |
|||
жинақтауыштарға |
5612,0 |
|||
сүзу алаңдарына |
1100,0 |
|||
4 |
Коммуналдық (қатты |
тонна |
600,2 |
|
5 |
Өнеркәсіптік қалдықтар |
|||
өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, |
тонна |
жіктел- |
521,0 |
|
Бұдан басқа |
||||
аршынды жыныстар 4 |
тонна |
3,6 |
||
байыту шлактары, |
109,5 |
|||
күл мен күлшлактар 4 |
480,0 |
|||
ауыл шаруашылығы |
10,5 |
|||
6 |
Радиоактивті қалдықтар: |
гигабек- |
||
трансуранды қалдықтар |
442,1 |
|||
шынақты радиоактивті |
221,0 |
|||
7 |
Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда |
шартты |
2600 |
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілген. Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 06 маусымдағы N 6-9 шешімімен;
Ескертпе:
1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
4 0,75 коэффиценті;
2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзелетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі:
1 0,3 коэффиценті;
2 0,43 коэффиценті;
4 0,25 коэффиценті;
Ескерту. Ескертпенің 2)-тармақшасына өзгерістер енгізілген. Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 06 маусымдағы N 6-9 шешімімен;
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
3 0,2 коэффиценті;
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн;
5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
Ескерту. Ескертпе 5)-тармақшасымен толықтырылды. Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 06 маусымдағы N 6-9 шешімімен.