Жамбыл облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы N 4-3 "Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 06 маусымдағы N 6-9 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде 1708 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 16-19 Шешімімен

      Еркерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2009.10.29 № 16-19 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 5 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына, "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19 бабы 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 344 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы N 4-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 наурыздағы N 42-43 (16.634-16.635) "Ақ жол" және 2008 жылғы 12 наурыздағы N 31 (16806) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5 бағанының 7 реттік нөмірдегі "30567,3" деген цифрлар "2600" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      ескертпеде:
       2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффиценттер енгізіледі:
      1 0,3 коэффициенті;
      2 0,43 коэффициенті;
      4 0,25 коэффициенті";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды".

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылады.

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә. ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады