Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 23 маусымдағы N№209 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 16 шілдеде 1709 нөмірімен тіркелді

      Жоғары өрт қаупі бар 4-5 классты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15 бабындағы 11 тармақшасына сәйкес және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9 тармақшасы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жоғары өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағанда болуына тыйым салынсын.

      2. Аудан әкімдеріне және "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының 1 тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне облыс аумағында өртке қарсы атқарылып отырған іс-шаралар жөніндегі ақпаратпен тұрақты түрде ақпарат құралдары өкілдерін қамтамасыз етіп отырсын.

      4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.

           Облыс Әкімі                        Б. Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады