"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Ақшолақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Ақшолақ аулындағы жаңа көшеге Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Сапарбаев Тұрғынбектің есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Жаңатұрмыс ауылдық округі Әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы Қ. Шалбаевқа жүктеймін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңатұрмыс ауылдық
округінің Әкімі Д.Т. Жайлаубеков