РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қаракемер ауылындағы Қаракемер көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Қаракемер ауылдық округіне қарасты Қаракемер ауылындағы Қаракемер көшесінің аты Әбимолда атындағы көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаракемер ауылдық округінің Әкімі Е. Бұралхиев