РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Отар ауылдық округінің Отар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. Отар ауылдық округінің Отар ауылындағы мынадай көшелері:
1) Вокзальный көшесі - Жекенов Қуаныш атындағы көшесі;
2) Первомайский кошесі - Алабасов Сабыржан атындағы көшесі;
3) Учительская көшесі - Жұмағұлов Мадимар атындағы көшесі;
4) Садовая көшесі - Атамқұлов Бейсехан атындағы көшесі;
5) Шевченко көшесі - Қонаев Дінмұхамет атындағы көшесі;
6) Гвардейский қалашығындағы Восточный көшесі - Ноғайбай атындағы көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуы мен бақылауын әкімнің орынбасары Б. Узбековке жүктеймін.
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік қолданысқа енгізіледі.
Отар ауылдық округінің әкімі О. Баймұхамбетов