Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыЗаңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі ережесін бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. "Жамбыл облысы Қордай ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жанабердиевке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қордай ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
2. Кенттің ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері "Жамбыл облысы Қордай ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
3. "Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Қордай ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысымен белгіленген тәртіп негізінде, азаматтарды әскерге шақыру учаскелерiне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізілсін.
5. "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Қордай аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Жүнісқадыровқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жаманкөзовке жүктелсін.
7. Осы шешім Әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай ауданының Әкімі М. Жолдасбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл облысы Қордай ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жанабердиев Бауыржан Советұлы
09 желтоқсан 2008 жыл
"Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жүнісқадыров Талғат Көшкінбайұлы
09 желтоқсан 2008 жыл