Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы N 7-19 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде 54 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы № 18-7 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 22.08.2013 № 18-7 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2) тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6- бабы негізінде Меркі аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық маслихат                          Аудандық маслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Қ. Қажығалиева                             Т. Олжабай

Меркі аудандық маслихаттың
2008 жылғы 26 науырыздағы
№ 7-19 Шешіміне қосымша

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2) тармағының негізінде аудандағы табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсетуді белгілейді. 

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

      1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегі «Меркі аудандық әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік» бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ауыл, кент Әкімдері жанынан құрылған мемлекеттік атаулы көмекті және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалып төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау учаскелік комиссиялар ( одан әрі учаскелік комиссиялар ) қорытындысы бойынша төленеді.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын адамдарға жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен беріледі.
      3. Меркі аудан әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі ауыл, кент Әкімдері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындысымен бірге ұсынылған тізім және отбасылардың өтініші бойынша «Меркі аудан әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.
      4. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегінің мөлшері әр отбасына 15 еселенген айлык есептык корсеткыш колемынде жылына быр рет корсетыледы.
      5. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Меркі аудандық мәслихатының 2010.08.02 № 37-5 Шешіммен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады