РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ақермен ауылдық округі аумағындағы Алтын-Арық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Алтын-Арық ауылындағы аты жоқ көшелердің, орталық көшесі Д.А. Қонаев, шығыс жақ көшесі А.Ж. Аспетов, батыс жақ көшесі А.А. Асқаров атындағы көшелер болып аталынсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақермен ауылдық
округінің Әкімі О.Ж. Қосубаев