Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.04.2019 № 387 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына , Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласында кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 9 қарашадағы ІІІ сессиясының "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" N 24 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-65, "Взгляд на события" газетінде 2007 жылғы 21 қарашада N 131 (319) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (төрайымы Боранқұлова Сәния Нұртасқызы) жүктелсін.
4. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
ІV шақырылған Қарағанды | |
қалалық мәслихатының кезекті | |
ХVІ сессияның төрағасы | В. Долинский |
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы | Қ. Бексұлтанов |
2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 169 Қарағанды қалалық мәслихатының шешіміне қосымша |
Рет N | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4. | Ойын жолы | 25 |
5. | Карт | 3 |
6. | Бильярд үстелі | 18 |