Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.07.16 N 24/296 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын-үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 30/343 шешіміне (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 26 шілдеде N 8-2-31 болып тіркелген, 2006 жылғы 4 тамыздағы N 56-57 "Сарыарқа" газетінде жарияланған), Жезқазған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы "Жезқазған қалалық Маслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 2/20 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2007 жылғы 22 қарашада N 8-2-51 болып тіркелген, 2007 жылдың 28 қарашасында "Сарыарқа" газетінің N 67 (7353) нөмірінде ресми жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) аталған шешіммен бекітілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасында 2 тармағындағы "18% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздері "15% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамуы және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев
Келісілді:
Қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі Б.М. Мырзаханов
22 ақпан 2008 жыл