Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 848/12 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2008 жылы 29 желтоқсанда N 8-2-68 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 09/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.04.11 N 09/04 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңына, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430 Заңына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" N 64 қаулысына сәйкес мүгедектерге, сондай-ақ, әлеуметтік әлсіз санаттағы отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде және Қарағанды қаласындағы Медицина академиясында оқу төлемақысын төлеу үшін әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсетілсін
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009.01.29 N 02/27 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 25 қаңтардағы N 64 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесіне" сәйкес қаржылай көмекке бөлінетін қаражатты мақсатты қаржыландырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Қ. Балмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады