2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/118 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда N 8-2-72 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 19/223 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009.12.22 N 19/223 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның бағасы белгіленсін.
      2. "2008 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 3/29 (2008 жылдың 29 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-55 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 8 ақпанында "Сарыарқа" газетінің 11 (7372) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Қ. Әбдіров

      Келісілді:

      Жезқазған қаласы бойынша
      салық басқармасының бастығы                Б.Д. Ахметов

Жезқазған қалалық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/118
шешіміне қосымша

Жезқазған қаласындағы базарларда тауарларды сату құқығын беретін бір жолғы талонның құнын есептеу

Базар атауы

Мамандандыру

Сауда орнының түрі

Бір күнге бір жолғы талонның құны айлық есептік көрсеткішке пайызбен

"Шаруа" базары Фирма "Арат" Жезқазған қаласы Некрасов көшесі 67

Өнеркәсіптік

Үлкен сөрелерден

16,5

Кіші сөрелерден

11,8

Көліктен

39,3

Азық-түліктік

Азық-түлік, ет сөрелерден

18,10

Жеміс - жидек

11,8

Көліктен

39,3

"Нарық" базары "Панацея" ЖШС Жезқазған қаласы Некрасов көшесі, 12

Өнеркәсіптік

павильон

18,85

Үлкен сөрелерден

16,5

Кіші сөрелерден

11,0

Көліктен

39,3

Азық-түліктік

Ет сөрелері

17,3

Азық-түлік сөрелері

17,3

Жеміс-жидек

11

Көліктен

39,3

"Мерей" базары Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі, 60 а

Өнеркәсіптік

Үлкен сөрелерден

18,1

Орта сөрелерден

16,5


Кіші сөрелерден

11,8

"Арқа" базары Жезқазған қаласы, Абай  көшесі, 93

Өнеркәсіптік

Үлкен сөрелерден

13,6

Кіші сөрелерден

9,8

Азық-түліктік

Үлкен сөрелерден

14,6

Кіші сөрелерден

9,8

"Орда" мал базары Жезқазған қаласы, Абай  көшесі, 134

Мал сатуды жүзеге асыру

Қоршалған орыннан

10,3

автокөліктен мал сатуды жүзеге асыру

Автокөліктен

15,5

"Жансая" базары Жезқазған қаласы, Абай көшесі

Өнеркәсіптік

Сөрелерден

18,85

Автокөліктерді сатуды жүзеге асыру

7,85

Вокзал алаңындағы шағын - базар Жезқазған қаласы

Өнеркәсіптік

Үлкен сөрелерден

8,2

Кіші сөрелерден

4,1

Азық-түлік

Үлкен сөрелерден

8,2

Кіші сөрелерден

4,1

      Ескерту:
      1. Қаланың барлық базарларында шашлықтар мен гриль тауықтарын сату үшін бір жолғы талонның құны бір айлық есеп көрсеткіштің 21, 45 пайызы мөлшерінде бекітіледі.
      2. Айлық есептік көрсеткіштен пайызбен алынған соманы 50 тиыннан көп болса 1 теңгеге дейін ұлғайтып, 50 тиыннан аз болса азайтып жуықтау қажет.
      3. Бұдан әрі қарай бір мезгілдік талондардың құны айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады