2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/120 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда N 8-2-74 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 19/225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009.12.22 N 19/225 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасы белгіленсін.
      2. "2008 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы" қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 3/31 (2008 жылдың 30 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-57 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 8 ақпанында "Сарыарқа" газетінің 11 (7372) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Әбдіров

      Келісілді:
      Жезқазған қаласы
      бойынша салық
      басқармасының бастығы                      Б.Д. Ахметов

Жезқазған қалалық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 11/120 шешіміне қосымша

Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен, жеке тұлғалардың ара – тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің бір жолғы талонның құны

N

"Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министірінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығымен бекітілген қызмет түрлері

Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен, жеке тұлғалардың ара – тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір күнге бір жолғы талонның бағасы

1

Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы):


 

1) газеттер мен журналдар;

9,45

2) тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары; (тікпе көшет, көшет)

9,45

3) бақша дақылдары;

9,45

4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер;

14,6

5) үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері;

9,2

6) жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

9,45

7) сыпырғылар, сыпыртқылар

4,75

8) орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық

13,75

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

21,6

3

Жолаушылар (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері

18,45


жеке және жалға алған автокөліктермен жолаушылар тасымалдау


- қала ішілік және аудандық

9,45

- қалааралық

18,45

4

Үй жануарлары мен құстарды жаю

4,75

      Ескерту:
      1. Бірлік объектілерге салынатын салық бір айлық есеп көрсеткіштен пайызбен анықталады және айлық есеп көрсеткіштің мөлшеріне байланысты өзгереді.
      2. Жоғарыда көрсетілген бір жолғы талонның бағасы қала территориясында жүреді. Салық органдарының ұсынысы негізінде мәслихат шешімімен осыған өзгерістер енгізуге болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады