Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.04.05 N 22/269 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасы белгіленсін.
2. "2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/120 (2009 жылдың 8 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-74 нөмірімен тіркелген және 2009 жылдың 10 қаңтарында "Сарыарқа" газетінің 3 (7496) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Сессия төрағасы Н. Ярмак
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Қ. Әбдіров
Келісілді:
"Жезқазған қаласы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Д. Ахметов
22.12.2009 ж.
Жезқазған қалалық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
N 19/225 шешіміне қосымша
Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен алынған жеке тұлғалардың ара–тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің бір жолғы талонның бағасы
N |
Қызмет түрлерінің атауы |
Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен алынған жеке тұлғалардың ара–тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір күнге бір жолғы талонның бағасы |
1 |
Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): |
|
1) газеттер мен журналдар; |
9,45 |
|
2) тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары; (тікпе көшет, көшет) |
9,45 |
|
3) бақша дақылдары; |
9,45 |
|
4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер; |
14,6 |
|
5) үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері; |
9,2 |
|
6) жануарлар мен құстарға арналған жемшөп |
9,45 |
|
7) сыпырғылар, сыпыртқылар |
4,75 |
|
8) орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық |
13,75 |
|
2 |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
21,6 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарды жаю |
4,75 |
Ескерту:
1. Жеке тұлғалардың ара–тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің бір жолғы талонның ставкасы бірлік объектіге салық бір айлық есеп көрсеткіштен пайызбен анықталады және жыл сайын бір айлық есеп көрсеткішке байланысты өзгереді.
2. Жоғарыда көрсетілген бір жолғы талонның ставкасы қала аумағында жүреді. Салық органдарының ұсынысы негізінде мәслихат шешімімен қолданыстағы ставкаларға өзгерістер енгізуге болады.