Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 01 наурыздағы N 8/5 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 08 сәуірде N 8-3-54 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы N 4/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012.06.05 N 4/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       Ескерту. Алғысөзіне өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1. "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандыру Қағидасы" бекітілсін (қоса берілуде).
      2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде қолданысқа енеді.
      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Г. Дроздова

      Мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің кадр және
      құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы
      В. Карлаш
      2008 жыл 01 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының сәулет
      және қала құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Р. Жүнісова
      2008 жыл 01 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының тұрғын
      үй коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      С. Мырзатаев
      2008 жыл 01 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласы ішкі істер
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      М. Жаппаров
      2008 жыл 01 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарағанды облысының мемлекеттік
      санитарлық - эпидемиологиялық
      қадағалау департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің Теміртау қаласы бойынша
      филиалының мемлекеттік санитарлық
      бас дәрігері
      Қ. Асқаров
      2008 жыл 01 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қаласы бойынша қоршаған
      ортаны қорғау аға уәкілетті мемлекеттік
      инспектор, бас маман
      Г. Ягупец
      2008 жыл 01 сәуір

Теміртау қалалық мәслихаттың
2008 жылғы 1 наурыздағы
N 8/5 шешімімен
бекітілген

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағын абаттандыру
Қағидасы

      Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандырудың осы Қағидасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
      Осы Қағиданың міндеттері:
      азаматтардың экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен қауіпсіздігі үшін конституциялық құқықтарын жүзеге асыру;
      мемлекеттің қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығына кері әсер етпейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және қолайлы қоршаған ортаны сақтау қағидаларын жүзеге асыру;
      халықтың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау.
      Теміртау қаласы мен Ақтау кенті үшін осы Қағиданың мақсаты:
      қысқы және жазғы кезеңде аумақты күтіп ұстау және тазалаудың ортақ ережесін анықтау;
      көліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруіне қажетті жағдайлар жасауды және тазалықты қамтамасыз ететін жер қазу және тазалау жұмыстарын орындау кезінде жалпы талаптарды белгілеу;
      аумақты санитарлық жағынан ұстау бойынша (дыбыс және шу режімдерін қоса алғанда) жалпы талаптарды белгілеу;
      сыртқы жарықтандыру, жарнама нысандарын, жасыл екпе ағаштарын, ғимараттарды және қалалық, кенттік инфрақұрылымның басқа да нысандарын ұстаудың жалпы тәртібін белгілеу.
      Қағида меншік түріне, азаматтығы мен бағыныстылығына қарамастан Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің барлық жеке және заңды тұлғаларына, үй иесі, жерді пайдаланушы, жалға алушы және құрылыс салушыға міндетті.
      Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандыру, санитарлық ұстау, жинастыруды ұйымдастыру және тазалығын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру және үйлестіруді қала әкімі мен Ақтау кенті әкімінің лауазымды тұлғалары, уәкілетті органы-ТҮКШ, басқа да уәкілетті органдар атқарады.
      Осы Қағида мәтініндегі "қалалық", "қала" деген анықтамалар мен түсініктемелер Теміртау қаласына қатысты түсініктер мен ережелер Ақтау кентіне де тең дәрежеде қолданылады.
      Ескерту. Алғысөзі жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

1. Негізгі ұғымдар анықтамалар және қысқартулар

      1. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:
      1) абаттандыру - қалалық инфрақұрылым объектілері мен элементтерінің адамның өмір сүруіне жайлы, салауатты, қолайлы жағдай жасайтын және қауіпсіз тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін жұмыс кешені. Бұл кешен абаттандыру объектілері мен элементтерін келесі негізгі бағыттарда ұйымдастыру, ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғауды қарастырады: инженерлік абаттандыру, сыртқы абаттандыру, жер қазу жұмыстарын жүргізу, көгалдандыру, санитарлық абаттандыру (дыбыс және су режімдерін қоса алғанда), жарықтандыру, үй жанындағы аумақты абаттандыру;
      2) автотұрақ - жобалық-сметалық құжаттамалар негізінде ұйымдастырылған және автомобиль көлігін қоюға арналған аумақ;
      3) ағынды сулар - адамның шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде немесе табиғи және жасанду су объектілеріне немесе жер бетіне ластанған аумаққа шығарылған сулар;
      4) аумақты санитарлық тазалау (жинау) - халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған коммуналдық қоқыстарды (қалдықтар) жинау, жою және залалсыздандыру жөніндегі шаралар жүйесі;
      5) бекітілген аумақ - заңды және жеке тұлғаға бөлінген аумаққа тікелей жапсарлас жатқан және ТҮКШ уәкілетті органның ұсынысымен, осы Қағидамен, Теміртау қаласы әкімдігі актілерімен (Ақтау кентінің әкімі), белгіленген шекараларды күту, санитарлық жағынан ұстау, қызмет көрсету және жинақтау үшін осы адамға бекітілген жер телімі.
      Қала ішіндегі бекітілген аумақтарға төмендегілер жатады:
      1) бөлінген учаскелер шекарасынан 10 метрдей қашықтық (тұтас құрылыс болмаған жағдайда) және қала көшелері мен жүргінші жолдар жағына (жаяужолдар, көлік қоятын орындар, көгалдар және абаттандырудың басқа да элементтері) қосымша аумақ:
      жамылғысы жетілдірілген көшелер үшін:
      көлік жүретін бөліктің ең шетіне дейін, ал трамвай жүретін көшелерде трамвай жолының жақын рельсінен 1,5 метр ара қашықтықта;
      жамылғысы жетілдірілмеген көшелер үшін:
      екі жағында салынған құрылыс болған жағдайда көлік жүретін жолдың ортасына дейін, бір жағына салынған құрылыс болған жағдайда көшенің бүкіл енінде;
      2) квартал ішіндегі аумақтардың учаскелері - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Теміртау қаласы әкімінің (Ақтау кентінің әкімі) белгіленген шекараларында;
      3) шағын сәулеттік үлгілерді, балалар алаңдарын, кір жаятын, контейнерлер, автокөлік қоятын алаңдар, сәндік құрылыстар, үйге баратын жолдар, аулаға кіретін жолдарға арналған пәтер иелерінің кондоминиумына және жерді пайдаланатын басқа субъектілерге берілмеген аула ішіндегі аумақтар (бір аулада бірнеше жерді пайдаланушы болған жағдайда бекітілген аумаққа сәйкес тепе-тең немесе екі жақтың келісімімен анықталады);
      4) Теміртау қаласы әкімдігімен (Ақтау кентінің әкімі) арнайы бөлінген және уақытша (мерзімді) бөлшек сауда және басқа мақсаттарға пайдаланатын орындар;
      5) жер асты жылу жүйесі зонасының қорғалатын аумақтары.
      Бекітілген аумақтардың субъектілері заңды тұлғалар да жеке тұлғалар да бола алады.
      Бекітілген субъектілер бекітілген аумақтарды санитарлық жағынан ұстау міндеттерін осы аумақты бекіту туралы акт күшіне енгеннен бастап орындауы қажет;
      6) бөлінген аумақ - қала әкімдігінің қаулысы негізінде жерді пайдаланушыға меншікке немесе құрылыс салу немесе ғимарат, имарат және басқа объектілерді пайдалануға берілген жер учаскесі;
      7) жасыл желек екпе ағаштары - қаланың жоспарлы шешімі бойынша өсірілетін, санитарлық - гигиеналық және экологиялық жағдайды абаттандыру және сәулеттік - ландшафтық безендіру деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін өсімдік объектілері (көгалдар, гүлзарлар, ағаштар, тал-шіліктер);
      8) жерді пайдаланушы - мақсаты және меншік түріне қарамастан қала ішіндегі жер учаскелерін пайдаланатын заңды және жеке тұлға (кәсіпорындар, ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалға алушылар, пәтер иелерінің кооперативтері және басқалары);
      9) жер жұмыстары - жерді қазу, топырақты үю, шұңқырды қайтадан көму, қазаншұңқырларды әзірлеумен байланысты жұмыстар;
      10) инженерлік жүйелер мен имараттар - қаланың халқы мен кәсіпорындарын, жылу, су, электр энергиясымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қала аумағынан жер бетіндегі суларды жинап, кетіруге арналған қаланы инженерлік абаттандырудың техникалық элементтері;
      11) қоғамдық орындар - жалпы пайдаланылатын және демалыс орындары (саябақтар, жағажайлар) алаңдар, шағын гүлбақтар, көлік аялдамалары және басқалар.
      12) қоқыс шығару - мамандандырылған ұйым арқылы қалдықтарды жинау (белгіленген жерлерде жиналған қалдықтарды алу, шығару, залалсыздандыру, кәдеге жарату және көмуді іске асыратын коммуналдық қызмет). Осы Қағидада мамандандырылған ұйымға қоқысты шығару саласында кәсіпкерлікпен айналысатын және арнайы паспорты бар заңды және жеке тұлғалар жатады;
      13) коммуналдық қалдықтар (әрі қарай қалдықтар)- адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары; құрамы және жиналу сапасы жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, басқа да өнімдер мен азық-түліктер қалдықтары), сондай-ақ тұтынушылық қасиетін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      Осы Қағидада коммуналдық қалдықтарға төмендегілер жатады:
      қатты тұрмыстық қалдықтар (әрі қарай ҚТҚ) - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда пайда болатын ұсақ тұрмыстық қалдықтар (пәтерлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарынан қалған қалдықтарды қоса алғанда) пештің күлі, сыпырынды, түскен жапырақтар және үй ішінде ұсталатын заттар, арнаулы қоқыс шығаратын автомашиналарға тиеу үшін сыйымдылығы стандарт тұрпатты контейнерлерге салынатын қоқыс.
      Ірі көлемді қоқыс (ІКҚ) - көлемі-салмағы жағынан стандартты контейнерлерге салуға келмейтін тұтыну және шаруашылық іс-әрекеті қалдықтары.
      сұйық тұрмыстық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда канализация орнатылмаған үйлердің сұйық түрдегі кез-келген қалдықтары (жуынды-шайынды, қазылған, шұңқырлардағы сулар);
      14) көше көлік жүретін жол, тротуарлар, жасыл екпе ағаштар, аялдамалар, жер астындағы және үстіндегі инженерлік жүйелер орналасқан аумақ;
      15) МСЭҚБ - "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті" мемлекеттік мекемесінің Теміртау қаласы бойынша басқармасы;
      16) ІІБ ЖПБ - қаланың ішкі істер басқармасының жол полициясы бөлімі;
      17) рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстар үйіндісі - өз еркімен (рұқсат етілмеген жерлерге) қала аумағында, ҚТҚ, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, қар, мұзды төгу немесе жинау;
      18) салушы - жаңа құрылыс салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, сондай-ақ ғимаратты, имаратты, салынған құрылысты бұзу, бөлшектеу, алып тастауға тапсырыс беруші.
      19) сауда объектісі - сауда қызметін жүзеге асыру үшін сауда қызметінің субъектілері пайдаланатын мүліктік кешен;
      20) тазалаудың өтінімдік жүйесі - жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша қоқыстарды жинау және шығару;
      21) тротуар - көлік жүретін жол мен жапсарлас жатқан немесе одан көгалмен бөлінген жаяу жүргіншінің жүруіне арналған жол элементі;
      22) уақытша объектілер - арнайы бөлінген орындарда (базарлар мен тұрақты (стационарлық) жайлардан басқа) орналастырылған қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етілген уақытша сауда объектілері (сауда объектісін қараңыз) және басқа да уақытша объектілер.
      Уақытша сауда объектілері жаңа піскен тез бұзылатын жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша және басқа да өнімдерді (саяжай және үй жанындағы учаскелерде өсірілген гүлдерді қоса алғанда) бөлшек саудамен маусымдық (ТҮКШ уәкілетті органы белгіленген басқа мерзімде) сатуға, салқындатылған сусындар және белгіленген жерді бөлген кезде уәкілетті орган анықтаған ассортимент бойынша басқа да өнімдерді сатуға, сондай-ақ халыққа әр түрлі қызмет көрсетуге арналған.
      Уақытша сауда объектілеріне: қоғамдық тамақтану объектілерінің ашық (жазғы) алаңдары, жәрмеңке саудасының объектілері, көшпелі аула кешендері (автодүкендер, цистерналар), кигіз үйлер, дүңгіршектер, шатырлар, сауда автоматтары, далаға алып шығарылатын прилавкалар жатады.
      Осы Қағидада басқа да уақытша объектілерге:
      темір дүңгіршектер, күркелер, гараждар, сарайлар, қоймалар (контейнерлер), дәретханалар, құрылыстық тұрмыстық бөлмелері (күзетші үйі), басқа да осыған ұқсас объектілер.
      Сыртқы көзге көрінетін жарнамалар мен ақпараттардың уақытша құралдары (алып шығатын қалқа конструкциялары (штендерлер), құрылыс объектілері мен бөлшек сауда объектілерінің қоршауындағы ақпараттар, көліктердегі ақпараттар, қайықтар, арбалар, қолшатырлардағы ақпараттар), және т.б.
      23) осы Қағидадағы уәкілетті органдар:
      1) ТҮКШ-ның уәкілетті органы - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен қаланың инфрақұрылым саласындағы өкілеттігін Теміртау қаласы әкімдігі белгілеген мемлекеттік мекеме;
      2) басқа да уәкілетті органдар - әкімнің және Теміртау қаласы әкімдігінің ведомствосына қарасты, сондай-ақ өзіне берілген құзыреті шегінде өкілеттігін атқаратын мемлекеттік басқарудың орталық атқарушы органдарының аумақтық (аймақтық) бөлімшелері - мемлекеттік басқару органдары - мемлекеттік мекемелер.
      24) үй иесі - жеке меншігінде немесе басқа заңды негізде жеке меншігінде тұрғын үйі (көппәтерлі, жеке) және тұрғын үй емес (әкімшіліктік, сауда, өнеркәсіптік, мәдени-тұрмыстық және басқа мақсаттағы) ғимараттары немесе олардың бөлігі (бірге иемденуші) бар заңды немесе жеке тұлға.
      25) шағын сәулеттік қалыптар - көлемі жағынан салыстырмалы түрде шағын сәндік әрі пайдаға асыруға болатын сипаттағы объектілер;
      сәндік имараттар - мүсіндер, фонтандар және сәндік су қоймалары, көркем орындалған қоршаулар, аркалар, ойма бедерлер, гүлдер отырғызатын клумбалар, вазалар, жалау салғыштар;
      пайдаға асыруға болатын объектілер - күркелер (беседка), павильондар, дүңгіршектер, урналар, көшелер, үйлердің тақтайшалары, сыртқы жарнамалардың бөлек тұрған объектілері (күркелер, билбордтар, стеллалар, пилондар, лайтбокстар, қалқалар, шатыр қондырғылары, электрондық және жалюздік экрандар, сөрелер, ұрандар және басқа да құрылымдар).
      2. Осы Қағидада пайдаланылған басқа ұғымдар мен анықтамалар заңнамалар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және Ережелерде белгіленген мағынада қолданылады.

2. Жалпы қағидалар

      3. Жерді пайдаланушылар мен үй иелері меншік түріне қарамастан бөлінген және бекітілген аумақ шекарасында:
      1) өзіне қарасты немесе өзі пайдаланатын объектілерді өз қаражаты есебінен техникалық жағынан дұрыс ұстауы;
      тұрғын және тұрғын емес жайларды, аумағы жапсарлас жатқан басқа объектілерге уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізуге және олардың сыртқы келбетін тиісті жағдайда ұстауға, өткелдерді, жаяу жолдарды, жүргінші жолдарын, квартал ішіндегі өтетін жерлер мен жолдардың жамылғыларын дұрыс ұстауға;
      аула аумақтары, өтетін жерлер мен тротуарлар, жағажай, демалыс орындары, базар, сауда алаңдары және уақытша (мерзімді) бөлшек саудаға бөлінген, қала зираттарына жапсарлас жатқан аумақ, автомотокөліктердің автотұрақтарды;
      қоршаулар, қорғандар, көгал қоршаулары, жеке тұрған жарнама объектілерінің барлық түрлері, сәндік жарықтандыру қондырғылары, көшені жарықтандыратын шамдар, маңдайшадағы жазулар, сөрелер, тіреу бағандары, көше сағаттары, көше атауларының көрсеткіштері, үй нөмірлері, бау-бақша орындықтары, урналар, жолаушылар көлігі аялдамаларындағы отыратын алаңдар мен павильондар: жолкөрсеткіштер, су құбырлары, трансформатор қондырғылары, жол белгілері, телефон күркелері, радио хабарларын жүргізу құрылғылары, антенналар, телефон байланысының және метеорологиялық қызметінің күрке-орындары, диспетчерлік қызметтің сөйлесу құрылғысы, қайық, құтқару станциялары және басқа гидротехникалық инженерлік-техникалық және санитарлық имаратттар;
      2) көппәтерлі үйлердің подъездерін тазалықта әрі тәртіпте ұстау, олардың тиісінше жарықтандырылуын, лифтердің, қоқыс құбырларының жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету;
      3) бөлінген және бекітілген аула аумақтарын абаттандыру, жиі жөндеу жұмыстарын жүргізу, тазалау, сыпыру, суғару, жуу, қоқысты қар мен мұзды шығару, құм себу, суағарлар мен құрғатқыштарды (дренаж) тазарту, қоқыстар мен жапырақтарды жағуға жол бермеуі;
      4) қай ведомстоваға жататына қарамастан жасыл екпе ағаштарын құнттап күту, жасыл екпе ағаштарын уәкілетті органмен келісілген жоба бойынша отырғызу және агротехникалық шараларды жан-жақты жүргізу: суғару, кесу, діңдерді әктеу, ағаш түбірінен шыққан бұтақшаларды алып тастау, тыңайтқыштарды себу, діңнің маңындағы топырақты қопсыту, жараларды дезинфекциялау және сылау, көгалдарды шабу:
      5) өз күшімен немесе келісім шарт бойынша зиянкестерді және карантиндік арамшөптерді (арам шырмауық, айраншөп, соралар) жою бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізу;
      6) жыл сайын сәуір-мамыр мен қыркүйек-қазанда қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлықты өткізу керек.
      4. Үй иелері:
      1) ғимараттарда көше аты мен нөмірі анық жазылған белгіленген үлгідегі тақтайша, хабарландыруға арналған қалқа және қоқысты жинауға арналған урна қоюы;
      2) көппәтерлі үйлердің подъездерінің есіктерінде пәтер нөмірлері жазылған тақтайша ілуі;
      3) ғимараттардың шатырлары мен үй астыларын жабық ұстау және үй астыларының терезелерінің жартысын жыл бойы желдету үшін ашық қалдыруы;
      4) аула, подъезд, үй асты және саты алаңдарында жарықтың болуы және оның үнемі жұмыс істеп тұруы;
      5) су құбыры, канализация, жылу жүйелерін жөндеп ұстау және үй асты жайларының суға толып кетуіне жол бермеуі;
      6) ғимараттардың кіре беріс есіктерін дұрыстап ұстауы;
      7) өндіріс, қызмет және тұрғын үй ғимараттарының кіре беріс жолдарының дұрыс жөнделген болуы және еркін өте алатындай болуы;
      8) тұрғын үй емес және тұрғын үйлердің аулаларында су өткізбейтін қазылған шұңқыры мен сорғышы бар канализация жүйесіне қосылмаған дәретхананы және жуынды имараттары болуы және олардың маңайы асфальтталған немесе қатты жамылғы өткелдер болу және сұйық кір суларды мамандандырылған кәсіпорындардың шығаруы жөнінде келісім шарт немесе растайтын басқа құжаттардың болуы керек.
      5. Қаланың, ғимараттардың және оған жапсарлас жатқан аумақтардың қалыптасқан сәулеттік келбетін сақтау және жақсарту үшін оған сауда объектілерін (кеңселерді) орналастырған кезде осы объектілердің иелері әзірлеген және келіскен жобалар негізінде ғимараттардың қасбетін безендіру және жапсарлас жатқан аумақты абаттандыру бойынша келесі шаралар кешенін орындау керек:
      1) қасбетті әрлеу (сырлау, әртүрлі материалдармен қаптау және т.б.);
      2) арбада отыратын мүгедектер үшін пандустар, ғимараттың жалпы стиліне сәйкес келетін күнқағар салу;
      3) аумақты абаттандыру, оның ішінде үй жанындағы өткелдер, тротуар, квартал ішіндегі жүру жолдарын біріктіретін жерлер, автомашина қоятын алаңдар, көгал, жасыл екпе ағаштары.
      4) орындықтар, урналар, қоршаулар және т.б. орнату;
      5) ғимаратқа жапсарлас жатқан аумақты және көлік жүретін жолмен (немесе) өтетін жолдың осіне дейін жарықтандыра алатын сыртқы жарықтандыру (жарық жарнамалары) құрылғыларын орнату, көшеге және басқа да қоғамдық орындарға қарайтын қасбетті жарықтандыру;
      6) ең қажетті ақпарат жазылған, жалпы стилде көркем орындалған маңдайша жазуларын ілу;
      6. Ғимаратқа бір объекті (кеңсе) орналасқан жағдайда оның иесі сәулет және қала салу саласындағы уәкілетті органның келісімімен қасбеттің жартысын немесе барлығын безендіріп, басқа иелер мен жалға алушылар келген жағдайда кеткен шығынды өтетеді. Бірнеше объектілер болған жағдайда қасбетті безендіру, жапсарлас жатқан аумақты абаттандыру және санитарлық жинау бірыңғай сәулеттік көркем келбеті мен жұмыстың бір уақытта аяқталуын сақтай отырып иелерімен тиісті үлесіне сәйкес орындалады.

3. Қала аумағын жинау

      7. Осы Қағидаларды орындау үшін және қаланы тазалықта әрі тәртіпте ұстау үшін барлық үй иелері мен жерді пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақты жинауға және ұстауға, жасыл екпе ағаштарын күтуге міндетті.
      Көпшілік пайдаланатын орындар бекітілген аумақтарды жинау мен ұстауға келесі жұмыс түрлері кіреді:
      1) аумақты сыпыру, қалдықтары мен қоқыстарды арнайы бөлінген жердегі жабдықталған контейнер алаңдарына қойылған тұрпатты контейнерлерге жинап салу;
      2) ҚТҚ мен ІКҚ-ны жинап, қоқыстар үйіндісіне апару (полигон). Қоқыстың шығарылғандығы тиісті құжатпен расталуы керек;
      3) шөп, бұта, қамыс және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
      4) қоршаулар мен шағын сәулеттік қалыптарды жөндеу және сырлау;
      15 сәуірден 15 қазанға дейін ауа райына байланысты жинаумен қатар көше, алаң және басқа да көпшілік пайдаланатын орындарға су себілуі және жуылуы тиіс. Шаң көп шығатын көшелерге кем дегенде екі рет су себілуі керек.
      8. Жерді пайдаланушылар арасында жинайтын аумақтың шекарасы осы Қағида негізінде заңды және жеке тұлғаларға бекітілген аумақтарға сәйкес анықталады:
      көше-жол жүйесі, алаңдар, қоғамдық орындар бойынша (көпшілік пайдаланатын демалыс орындары, саябақтар, гүлбақтар) көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражатты ескере отырып ТҮКШ-ның уәкілетті органымен анықталады;
      квартал ішіндегі және басқа да аумақтар бойынша жинау шекарасы ТҮКШ-ның уәкілетті органның ұсынысы бойынша Теміртау қаласы әкімдігінің (Ақтау кентінің әкімі) актілеріне сәйкес бекітілген жер учаскелері мен бекітілген аумақтары негізінде анықталады.
      9. Жинау жұмыстары қолданыстағы техникалық регламенттер, нормалар мен ережелер, осы Қағиданың шарттары және ТҮКШ-нің уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкес жүргізіледі.
      10. Жерді пайдаланушылар жүйелі түрде қажет болған жағдайда, маусымдық және ауа райы жағдайына байланысты бөлінген және бекітілген аумақ шекараларын жинауға, су себуге және тротуарға құм себуге, қоқысты, қар мен мұзды шығаруға, су ағарлар мен құрғатқыштарды (дренаждарды) тазалауы керек.
      11. Бөлінген және бекітілген аумақтарды, қала көшелеріне келер жолдарды осы аумақтарда меншігінде немесе пайдалануында құрылысы (имараты) бар тұлғалар өз бетімен немесе тазалаудың өтінім беру жүйесі арқылы жинайды және таза ұстайды.
      12. Көшелерді, іргелес жатқан көгалдарды, жаяу жолдарды, орталық көшелермен шекаралас жатқан бұрылыстарды, алаңдарды, көпірлерді, парктерді, шағын гүлбақтарды, желекжолдарды, зират аумағын (жеке зираттан басқасын) жинауды қалалық бюджет қаражаты есебінен осы жұмыстарды жүргізу құқығын конкурста жеңіп шыққан арнайы мамандандырылған ұйым жүргізеді.
      13. Автостанцияларды, вокзалдарды, қоғамдық көліктің диспетчерлік пункттерін, такси тұрақтарын радиусы 10 метр қашықтықта жинау мен ұстауды көрсетілген объектілердің иелері немесе пайдаланушылар іске асырады.
      14. Автомобильге май құю стансаларына, автожууға, ақылы автотұраққа, гараждарға кірер және шығар жолдар мен іргелес жатқан аумақты (үлкен жолға дейін) және кірер жолды жинауды осы объектілердің иелері жүргізеді.
      15. Темір жолдарды, көпірлерді, жолдың екі шетіндегі еңісті, себілген құмның үстін, темір жол өтпесін, темір жол арқылы өту жолдарын, иесіз зона аумағын (жолдың екі жағынан соңғы рельстен 50 метрден кем емес), осы имараттарды пайдаланатын кіру жолдарының иелері мен темір жол ұйымдары жинайды.
      16. Трамвай жолдарын, темір жол өтпесін, рельс аралығындағы аумақты, трамвай жолының екі жағына отырғызылған ағаштардың, трамвай жолының екі жағынан 1,5 метр қашықтықты олардың иесі қажетті санитарлық және техникалық жағдайда ұстайды.
      17. Өндірістік кәсіпорындардың санитарлық қорғау зонасының аумағын олардың иелері жинайды.
      18. Жеке тұрған жарнамалық объектінің іргелес жатқан аумағын, жарнамалық құрылымнан 5 метр қашықтыққа дейін объектінің иесі жинайды.
      19. Инженерлік - техникалық және гидротехникалық имараттардың аумағын (газгольдер, аралық подстанциялар) осы имарат иелері жинайды және күтіп ұстайды.
      20. Қала аумағындағы жер бетіндегі және жер асты сулары ағуға арналған құбырлар мен құрғатқышты, каналдарды тексеруді және тазалауды, жауын суы канализация коллекторын, жауын суын қабылдайтын құдықтарды тазалауды пайдаланушы кәсіпорын жүргізеді: аулалар аумағында - пәтер иелері кооперативтері, жеке учаскелерде және кәсіпорын аумағында - аумақ иелері.
      21. Сыртқы жарықтандыру тіреулерінің және желілердің жалғасу матчының айналасын осы аумақты тазалау бекітілген тұлға жүргізеді. Сынған жарықтандыру тіреулерін және электр қуатын тасымалдау желісінің жалғастыру тіреулерін негізгі жолда тез арада осы тіреулердің иелері шығарады, ал қалған аумақтардан, сонымен қатар бұзылған тіреулерді тәулік ішінде иелері шығарады.
      22. Ұзақ уақыт пайдаланылмаған және игерілмеген бөлінген аумақты, құрылысты бұзғаннан кейінгі аумақты жерді пайдаланушылар немесе салушының өзі немесе тазалауға тапсырыс беру жүйесі бойынша жинайды және күтіп ұстайды.
      23. Бөлінбеген және ешкімге бекітілмеген аумақты жинау және күтіп ұстау бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.
      24. Сауда объектілерінің иелері уақытша объектілерді қоса алғанда объектіден радиусы 10 метр іргелес аумақты қоқыстан тазартуға және күні бойы тазартуы таза ұстауы керек.
      25. Сауда объектілеріне бекітілген аумақтарда, көгалдарда, палатка, дүңгіршек төбелерінде және басқа да сауда объектілерінде ыдыстар мен тауар қорын жинауға, сонымен қатар жинау үшін пайдалануға жол берілмейді.
      26. Базарларға іргелес жатқан аумақты жинауды, қоқыс жинағышты тазалауды және оларды тиісінше ұстауды базарлар иелері жүргізеді. Базарлар аумағы қатты жамылғымен жабылуы керек.
      Жылдың жылы кезінде аумақты сыпырудан басқа базар аумағын жуу керек.
      27. Барлық ортақ пайдаланатын орындарда жеткілікті көлемде қоқысқа арналған урналар қойылуы керек, кісі көп жүретін көшелерде урналар арасы 40 метрден аспауы керек, кісі аз жүретін көшелерде урналар арасы 100 метр болуы керек.
      Қалалық көлік аялдамаларында міндетті 2 урна, бөлек тұрған сауда объектілерінің кіре беріс есігінің екі жағында және уақытша сауда объектісінің кіре беріс есігінің бір жағына қойылуы керек.
      28. Жер пайдаланушылар және бөлінген және бекітілген аумақта аумағы бар тұлғалар урна орналастыруы және оның толуына қарай, 3/4 көлемі толған кезде тазалауы, сонымен қатар оның ластануына қарай аптасына бір рет жууы керек.
      29. Жағажайлар, демалу орындарының аумағын жинауды жыл сайын таза құм төгуді, ескі құмды қопсытуды, жиналған қоқысты шығаруды осы аумақ бекітілген тұлға жүргізеді.
      30. Жағажай аумағында киім шешетін орын болуы керек. Жағажайларда, парктерде және басқа да демалыс орындарында қоғамдық дәретхана болуы керек, әр 75 келушіге бәр дәретхана, жағажайларда шомылу орнына 200 метр қашықтықта орналастырылуы керек.
      Парктер мен жағажайлар урналардан басқа арнайы контейнер қоюға арналған алаңдармен жабдықталуы керек, бір контейнер орта есеппен 3500-4000 шаршы метр алаңға және демалу орнынан 20 метр қашықтықта орнастырылуы керек.
      31. Шомылуға арналған орындарда машина жууға, кір жууға, малдарды шомылдыру мен қыдыртуға жол берілмейді.
      32. Жағажайдың техникалық перосоналы оны жапқаннан кейін жағалауды, шешінетін орындарды, дәретханаларды, жасыл зонаны жинауы, ыдыстарды жууы және дәретханаларды залалсыздандыруы керек. Күндіз аралап жинап шығу қажет.
      33. Көпшілік пайдаланатын демалыс орындарының аумағында қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес сауда объектілерін орналастыруға болады. Орналастырылған объектілерді жөндеу және күтіп ұстау күні бойы бекітілген аумақты жинау, қоқыс шығару оның иесі есебінен жүргізіледі.
      34. Көпшілік пайдаланатын демалыс орнының аумағында жол берілмейді:
      1) қоғамдық тамақтандыру объектілерінен тыс жерлерде тамақ дайындауға, қоқыстарды, жапырақтарды жағуға, алау жағуға;
      2) жасыл шөптердің, гүлзарлардың, клумбалардың, жаяу жолдардың үстінде жүруге, сонымен қатар қандай да бір объекті орналастыруға, көліктерді жууға және тазалауға.
      35. Стадиондарды, спорт алаңдарын баланс ұстаушының техникалық персоналы жинайды және күтіп ұстайды.
      36. Гараждар, саяжайлар мен гараждық қоғамға бөлінген және бекітілген аумақты гараждар мен кооперативтердің, тиісті қоғамның иелері жинайды және күтіп ұстайды.
      37. Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, сауда объектілері, бос уақытты өткізетін орындар және көпшілік орындары келушілер үшін тегін машина қоятын орынмен қамтамасыз етіледі.
      38. Жеке автомобиль иелерінің жеңіл машиналарын қоюға арналған гараждардың, қорғалатын автотұрақтың, көпшілік көлік қоятын алаңдарды, техникалық қызмет көрсету стансаларының, такси тұрақтарының бөлінген және бекітілген аумағын оларды пайдаланушылар мен иелері жинайды және күтіп ұстайды.
      39. Жеңіл автокөлік қоятын ашық автотұрақтар қоғамдық құрылыс пен тұрғын үйлерге дейінгі тазалық және өртке қарсы зонаны сақтай отырып орналастырылады.
      Автотұрақтар, техникалық қызмет көрсету стансаларының, такси тұрақтарының аумағында қоқыс пен қалдық жинауға арналған урналар мен контейнерлерді қоятын алаң болуы керек.
      40. Бейіт алаңдары қоршаулы, өтетін жолдардың беті қатты жамылғымен жабылған, қоқыс жинағышы болуы керек. Бейіт алаңынан ҚТҚ осы бейіттің иесі шығарады.
      41. Ойпаң аумақты жауын және тасқын судың басуының алдын алу мақсатында бақылау және жауын суын қабылдайтын құдықтарды, сонымен қатар қалалық және квартал ішіндегі су ағатын жүйені пайдаланушы қызмет маусымына екі рет тазалайды.
      42. Суды көп жіберудің әсерінен (қазаншұңқырдан, апаттық жағдайда инженерлік жүйедегі суды ағызып шығарғанда) пайда болған су басуды осындай кемшілікке жол берген ұйым жояды.
      Ескерту. 42 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      43. Су ағатын жүйенің ластануына жол бермеу үшін сыпырынды мен тұрмыстық қалдықтарды су ағатын коллекторға тастауға жол берілмейді.
      44. Жапырақтар түсетін кезеңде қоғандарға, көшелерге, жолдарға, жүрер жолдарға, аулаларға, бекітілген және бөлінген аумақтарға түскен жапырақтар жиналады және шығарылады. Жапырақтарды ағаштар мен бұталардың түбіне үюге, сонымен қатар тұрғын үй, парктер мен шағын гүлбақтардың аумағында жағуға жол берілмейді.
      Жиналған жапырақтарды арнайы бөлінген учаскеге немесе шіріту алаңқайына шығару керек.
      Ескерту. 44 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      45. Қала аумағының барлық жерінде:
      1) хабарландыруларды, басылған немесе қолдан жазылған жарнамалық, үгіттеу өнімдерін (плакатар, афишалар, үндеухаттар) және басқа да көзге көрінетін ақпарат түрлерін меншік иесінің келісімінсіз үйлердің, ғимараттар мен имараттардың қасбеттеріне, су ағатын құбырларға, жарықтандыру тіреулеріне, инженерлік жүйе мен коммуникация имараттарына және басқа да осындай мақсатқа тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органы бөлмеген орындауға желімдеуге, ілуге және орналастыруға. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы уәкілетті орган арнайы бөлген орынға көрсетілген ақпараттарды орналастыру үшін арнайы жарнамалық қалқан орналастырылады;
      2) шағын сәулеттік нысандарды, сыртқы және сәндік жарықтандыру объектілерін, спорттық, ойын жабдықтарын, ойын, балалар және шаруашылық алаңдарын, қоршауларын және т.б. қаланың инфрақұрылым элементтерін (жолдарды, жиектастық қоршауды, көгалдарды, жаяу жолдарды) бұзуға, сындыруға, зиян келтіруге, сонымен қатар қоғамдық жолаушылар көліктері салонының ішкі қаптауын, шағын сәулеттік үлгілер объектілерін, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың лифтлерін және подъездер қабырғаларында әр түрлі әдіспен жазуға және сурет салуға;
      3) көшелерде, жаяу жолдарда, көгалдарда, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде және басқа да тұрғындардың көптеп жиналатын орындарында қоқыс, темекі қалдығын тастауға, түкіруге, дәрет алуға жол берілмейді.
      46. Қалалық базарлардан және жеке тұрған сауда объектілерінен басқа барлық жерде сауда өнімдерін, ет өнімдерін, балық, шаян балық, піспе, темекі өнімдерін, күкірт, сонымен қатар сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде сатуға рұқсат берілген өнімдер ассортиментіне енгізілмеген басқа да тауарлар мен өнімдерді сатуға жол берілмейді.

3.1. Көшелердің көлік жүретін жолдары мен жаяужолдарды жинау және ұстау

      47. Көшелердің көлік жүретін жолдары мен қалалық жол жүйесінің өтетін жерлерін оның ен бойы ауданын жинау мен күтіп ұстауды осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алған мамандандырылған ұйым шарт негізінде жүргізеді.
      48. Көшенің жол жамылғысын, жиектастың жанын және өтетін жерлерді өкілетті орган бекіткен кестеге сәйкес жолдың жамылғысын алдын ала сулап алып сыпырады.
      Ыстық кезде (+25 с асқанда) қозғалысы қарқынды көшелерді сулау керек.
      49. Жолдардың жиегі мен өтетін жерлері әр түрлі қоқыстан тазартылып отыруы керек.
      50. Жолаушылар павильондарын және оған іргелес жатқан көлік тоқтайтын орындарды, аялдамадағы жолаушылар отырғызылатын орындарды олардың иелері немесе осы аумақтар бекітілген тұлғалар күтіп ұстайды, жөндейді, сырлайды, сонымен қатар жинайды және жуады. Аялдама ауданы түрлі қоқыстан, құм-топырақтан тазартылып тұруы керек.
      51. Көшені бойлай жатқан жаяужолдарды және өтетін жолды немесе өтетін жолдан көгалмен бөлінген, тұрғын үй ғимараттарынан, аулалық аумақтан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен тікелей шығатын жолы жоқ орындарды осы аумақ бекітілген тұлға жинайды.
      52. Тұрғын үйлердің подъездерінен, аулалық аумақтан, мекемелер, кәсіпорындар аулаларынан, сауда объектілерінен тікелей шығатын жаяу жолдарды жинауды осы аумақты бекітілгендер жинайды.
      53. Көпірлердің, жол өткелдердің үстіндегі жаяужолдарды, сонымен қатар инженерлік имараттарға жанасатын техникалық жаяужолдарды осы инженерлік имараттардың иелері жинайды.
      54. Жаяужолдар қоқыс пен құм-топырақтан таза болуы керек.
      55. Автокөлік кәсіпорындары мен автокөлік иелері өз көліктерін қала көшелеріне таза шығаруы керек:
      56. Жол берілмейді:
      1) шынжыр табанды трактордың көшелерде жүруіне;
      2) жалпы өлшемі, салмағы және оське түсетін ауыртпалығы белгіленген нормадан асатын көліктердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ресімделген арнайы рұқсатынсыз көшелерде және жолдарда жүруіне;
      3) жүретін жолды ластайтын көліктердің жолға кіруіне және өтуіне; көліктердің құрылыс алаңынан алдын ала доңғалақтары және басқа да лас бөліктерін жумай шығуына;
      4) жолды ластауға жол бермеу үшін топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, ағаш қиындыларын арнайы шымылдықсыз тасымалдауға;
      5) автомобильдерден көлік жолдарына, жол жиегіне және жаяужолдарға қоқыс лақтыруға;
      6) жинау жұмыстарын жүргізу кезінде бөлінген және бекітілген аумақтан қоқыстарды көлік жолдарына және өткелдерге лақтыруға және кері ауыстыруға;
      7) көліктердің жиектас қоршауының үстіне шығуына және оның үсті арқылы өтіп жаяужолдардар мен көгалдарға тоқтауына және тұруына, сонымен қатар одардың үстімен жүруге;
      8) жол қозғалысын реттейтін құралдарды, белгілерді, жол имараттарын, жолдың үстіңгі жамылғысын зақымдануға;
      9) имараттар мен ғимараттарға, өрт сөндіруді сумен қамтамасыз ету көздеріне келер жолдарды, өтер жолдарды, көшелерді тасалауға немесе ыбыстыруға;
      10) канализациялық, өндірістік және ағынды суларды көшенің көлік жүретін бөлігіне және жолдарға жіберуге, белгіленбеген жерлерде автомашина жууға;
      11) келісімсіз жолдардың бетіндегі жамылғысын зақымдауға әкелетін жұмыстарды жүргізуге.

3.2. Қала аумағын қысқы кезеңде жинаудың ерекшеліктері

      57. Қысқы кезеңде қала көшелерінің көлік жолдары мен өткелдерін жинау осы Қағидаға және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органы жұмыс мерзімін және тәртібін, оның технологиясын, техникалық құралдарды және көк тайғаққа қарсы қолданылатын реагентті анықтайтын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      58. Парктерді, гүлбақтарды және басқа да жасыл желекті жинаған кезде құрамында химиялық реагенті жоқ қарды жасыл көшеттерді сақтай отырып және қар ерітіндісі ағып кететін жағдайда осы мақсатқа алдын ала дайындалған алаңдарға жинауға болады.
      59. Қыс кезінде жолдар, бақтағы орындықтар, урналар, шағын сәулеттік үлгілер және басқа да элементтер, сонымен қатар олардың жан-жағы, оларға келер жолдар қардан және мұздан тазартылуы керек.
      60. Инженерлік жүйедегі апат нәтижесінде жаяу жолдар мен көлік жүретін жолдарда пайда болған мұзды осы жүйе иесі жинайды және тазалайды. Ойылып алынған мұз белгіленген жерге шығарылады.
      61. Қар үйіндісінің пайда болуына жол берілмейді:
      барлық жолдардың, көшелердің қиылысында және бір деңгейдегі өткелдерде және темір жол тораптарына жақын жерлерде;
      көліктік қоршаумен немесе биік жиектаспен жабдықталған жол учаскелерінде;
      - жаяужолдарда.
      62. Қарды жаяу жолдар мен көгалдарға ығыстырып тастауға жол берілмейді.
      63. Қар шығарудың технологиялық операциясы екі сатыда жүреді:
      бірінші кезекте (таңдаулы) қар қалалық жолаушылар көлігі аялдамасынан, жер асты жолдарынан, көпірлерден, тұрғындардың көптеп келетін орындарынан (ірі әмбепап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), аурухана және әлеуметтік маңызды объектілер аумағына кіретін жолдардан шығарылады:
      ақырғы (жаппай) кезекте қар шығару бірінші кезекте қар шығаруды аяқтағаннан кейін уәкілетті органның анықтаған кезегіне сәйкес жүргізіледі.
      64. Көшелерден және өткелдерден қарды арнайы дайындалған орындарға шығару керек. Қарды белгіленген тәртіпте келісілмеген орындарға шығаруға жол берілмейді.
      65. Қарды уақытша жинаған орын қар ерігеннен кейін қоқыстан тазартылуы және абаттандырылуы керек.
      66. Жаяужолдарды жинауға келесі талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар бүкіл ені бойы қардан және пайда болған қар аралас мұздан жолдың қатты жамылғысына дейін тазартылуы керек;
      2) қар көп жауған кезде көктайғақ немесе оның пайда болуы туралы хабар берілгенде жаяужолдарды жүргіншілердің жүруі үшін тазалап, көктайғаққа қарсы реагент немесе майда құм себу керек.
      67. Аула аумағы, жаяужолдар мен өткелдер қардан және мұздан асфальтқа дейін тазартылуы керек, қар мен ойылған мұз қар үйіндісіне шығарылуы керек. Мұз қатқанда (көктайғақта) аулаға, жаяужолдар мен өткелдерге майда құм себу керек.
      68. Аула аумағынан және квартал ішіндегі өту жолдарынан жиналған қарды автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің еркін қозғалуына кедергі келтірмейтіндей етіп аула аумағындағы орындарға жинауға рұқсат беріледі.
      69. Квартал ішіндегі аумаққа қар жинау кезінде ерінді судың ағып кетуін қарастыру керек.
      70. Қыс кезінде ғимарат иелері мен жалға алушылар ғимарат төбесіндегі қарды, мұзды, сүмелек мұздарды уақытылы тазалап тұруды ұйымдастырулары керек.
      71. Ғимараттардың төбесінің жүргіншілер жүретін жағына қарайтын жақтарын, қауіпті учаскелерін алдын ала қоршай отырып тез арада тазалау керек.
      72. Ғимараттардың төбесін қардан және қатқан мұздан тазалау және ғимарат төбесінің еңісіне қарай көше жаққа және жаяу жолға қарды сырғытып тастауды тек күндіз жүргізуге рұқсат беріледі. Үй төбесінің басқа еңістерінен, сонымен қатар үйлердің жалпақ төбесінен түсірілген қар аула аумағының ішінде жиналуы керек. Қарды сырғытып тастар алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін қорғау шараларын жүргізу қажет. Ғимараттар төбесінен лақтырылған қар мен мұз тез арада жолдың өту бөлігіне жиналады және көшенің өту бөлігін жинайтын кәсіпорын қарды шығаруы керек.
      73. Қарды, мұзды және қоқысты су ағатын құбыр шұңқырына тастауға жол берілмейді.

4. Қаланы абаттандыруды, тазалығы мен санитарлық жағынан ұсталуын қамтамасыз ету

      74. Жер пайдаланушылар мен үй иелері бөлінген және бекітілген аумақтарды күнделікті санитарлық таз ұстаулары және қарды жинап отырулары керек.
      75. Қала аумағында тұрмыстық қалдықтарды және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, ағаш қиындыларын, жапырақтарды, қарды тастуға жол берілмейді. Кәсіпорындар мен жеке үйлер аумағында қоқысты, жапырақтарды, ыдыстарды, өндірістік қалдықтарды жағуға және алау жағуға жол берілмейді.
      76. Кәсіпорындар мен инженерлік жүйе аумағындағы жер үстіндегі суларды шаруашылық фекальды және жауын суы канализациясына жіберу канализациялық жүйені пайдаланатын кәсіпорынның келісімі мен шарты болғанда ғана рұқсат беріледі.
      77. Өндірістік кәсіпорындардың тазартылмаған суларын тоғандарға жіберуге жол берілмейді.
      78. Өз бетінше аулада түрлі шаруашылық немесе қосымша құрылыс (гараж, сарай) салуға жол берілмейді.
      79. Жол берілмейді:
      1) тұрғын үй подъездерінің алдында, тұрғын үй кварталдарының ішінде және жалпы пайдаланатын жерде, су алатын колонкалардың басында, тоғандарда, халық демалатын орындарда көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге;
      2) әр түрлі мақсаттағы объектілерді көгалдардың, гүлдестелерінің үстіне балалар алаңына орналастыруға, өз еркімен қорған мен қоршау қоюға;
      3) автокөліктерді ауланың жасыл аумағына, квартал ішіндегі аумаққа, балалар алаңына, жаяужүргіншілер жолына қоюға және кіруіне;
      4) үй малдары мен құстарды жеке тұрғын үй аймағынан тыс автомобиль және темір жолдарда, көшелерде, бақтарда, парктерде, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және басқа да көпшілік пайдаланатын орындарда айдауға және бағуға;
      5) үй малдары мен құстарды тұрғын үй подьездерінің алдында, тұрғын кварталдар ішінде және көпшілік пайдаланатын жерлерде (ветеринарлық мекеменің аумағында немесе көршілес жер учаскелерінің иелерімен алдын ала келісіп алып жеке тұрғын үй аумағында) союға және бөлшектеуге.
      80. Қалада тұрғын үйлерде, ықшамаудандардың демалу алаңдарында, халықтың көптеп жиналатын орындарында, парктерде, шағын гүлбақтарда тыныштық сақталу керек.
      Демалу зоналарын радиоландыруды барынша шектеу керек, ал ерекше жағдайда МСЭҚБ-ның келісімі бойынша тұрғын үй ғимараттарының ықшамаудандардағы демалу алаңдарының шекарасынан және басқа да жоғарыда көрсетілген объектілерден 2 метр қашықтықта шу осы зона үшін белгіленген деңгейден аспайтындай етіп жүргізу керек.
      Аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында және барлық қоғамдық орындарда, тұрғын кварталдарда және ықшамаудандарда қолайлы шу режімін қалыптастыру үшін қалада жол берілмейді:
      1) тұрғындардың тыныштығы мен тәртібін бұзатын, құрылыс, жол, жөндеу және технологиялық шу шығаратын (дыбыс вибрациясы), басқа да осындай жұмыстармен, сонымен қатар апаттық жағдайда апатты жоюмен байланысты жұмыстардан басқа әрекеттер мен жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді. 23.00-ден 06.00-ге дейігі аралықта тыныштық сақталуы керек;
      2) сотқарлық мақсатпен және бұзақылық оймен қатты өлең айтуға, ысқыруға, айқайлауға, музыка аспаптарында ойнауға, көршілердің келісімінсіз пәтерлерде қатты музыка қоюға, сонымен қатар терезе ашық уақытта, терезе алдынан және балконда: көпшілік қолданатын орындарды жылжымалы аудиоаппаратураны пайдалану арқылы қатты музыка қоюға; петард, жарылғыш және басқа да осындай жарылғыш заттарды жаруға;
      3) Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережесінде қарастырылмаған жағдайда көлік жүргізушілерінің қатты сигнал беруіне;
      4) көліктердің қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің жанында двигателін қосып тұруына, көлікте қатты музыка қоюға, сонымен қатар олар қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерден, балалар және емдеу мекемелерінен, білім беру ұйымдарынан және көпшілік демалатын орындардан 50 метр қашықтықта дейін тоқтағанда және тұрғанда музыка қосуына және двигатель қосуына;
      5) қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрінде маршрут бойынша жүруі кезінде радиохабар мен музыка қоюға, ал таксилерде тек жолаушылардың рұқсатымен қойылады;
      6) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің ашық (жазғы) алаңдарында музыканы қатты шығаратын аппаратураны орналастыруға және оның жұмыс істеуіне, сонымен қатар жеке ғимараттарда орналастырылған қоғамдық тамақтандыру объектілерінде және барлық қоғамдық тамақтандыру объектілерінің терезесі ашық кезде музыканы қатты қоюға;
      7) базарлардағы теле және аудио аппаратуралар, аудиожазбалар сататын орындарда сонымен қатар көрсетілген тауарларды сататын және арнайы дыбыс жұтатын жабдықпен қамтамасыз етілмеген барлық сауда объектілерінде музыканы қатты қоюға.

5. Қала аумағында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және кәдеге жарату

      81. Тұрғын үйлердің аумағында көліктің келуіне ыңғайлы, контейнерлер қоюға арналған арнайы алаң бөлінуі керек. Алаң тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан, спорттық алаңдардан бөлінуі керек және тұрғындардың демалатын жерінен алдын ала МСЭҚБ-мен келісіп 25 метр қашықтықта орналастыру керек. Құрылыс жүріп жатқан аумақта, белгіленген қашықтықты сақтай алмаған жағдайда контейнер орналастыратын алаңды МСЭҚБ, уәкілетті орган - сәулет және қала салу бөлімі, тұрғын үйлерді пайдалану ұйымдарының өкілдері қатысқан комиссия белгіленген жеріне орналастырады. Алаңның өлшемін орналастыруға қажетті контейнер санына, бірақ бесеуден артық емес, байланысты есептелуі керек. Контейнерлер санын анықтау кезінде шаруашылық алаң үшін 3 күнде қалдықтың орташа жиналуын ескеру керек.
      Абаттандырылған тұрғын үй алабында ҚТҚ жинау үшін сыйымдылығы 0,75 куб.м. стандартты металл контейнері қолданылады. Контейнерлер жаз кезінде әр 10 күнде бір рет жуылуы керек, егерде оларды ауыстырылмаса, ал ауыстыратын жағдайда қоқысты төккен сайын жуу керек.
      Жеке үйлерде қолдан жасалған қақпағы бар сыйымды ыдысты (ағаш, металл және т.б.) пайдалануға болады.
      82. Аумағында (бөлінген, бекітілген, квартал ішінде) контейнер қоятын алаңы бар тұлғалар келесі талаптарды орындау керек:
      1) контейнер қоятын алаңға келетін жолдың беті қатты жамылғымен жабылған болуы керек және іргелес жатқан аумаққа қоқыс тарап кетпес үшін тұтас қоршаумен қоршалуы керек;.
      2) контейнер қоятын алаңды және оған іргелес жатқан аумақты тиісінше таза ұстауды қамтамасыз ету; алаңды және контейнерлерді үнемі жуу, дәрлеу және бұқырларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, контейнерлерден қоқысты қоқыс тасымалдайтын машинаға салу кезінде төгілген қоқысты ҚТҚ, ІМҚ тасымалдаумен айналысатын мамандандырылған ұйымның жұмысшылары тазалайды;
      3) ҚТҚ және ІМҚ уақытылы шығаруды қамтамасыз ету;
      4) тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерде жағуға жол бермеу;
      5) тұрғындардың пайдалануына және мамандандырылған автокөліктердің жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасау мақсатында қыс кезінде контейнерлер қоятын алаңға келетін жолдарды қардан және мұздан тазалау керек;
      6) уақытылы жөндеу жүргізу және ары қарай пайдалануға жарамайтын контейнерлерді ауыстыру керек.
      83. ҚТҚ қоқыс контейнерлерінде іріктеуге немесе контейнерлер қоятын алаңдарда оларды сорттауға жол берілмейді.
      84. Қалада ҚТҚ жинау мен шығарудың жоспарлы жүйесі қалыптасқан, ол мамандандырылған мекемелермен шарт бойынша тапсырыссыз белгіленген кезеңділіктен үнемі шығарып отыруды қарастырады.
      1) тұрғын үйлер үшін - контейнерлердің толып кетпеуін қарастыратын және үй иелерімен келісілген, мамандандырылған мекемелер белгіленген кесте бойынша;
      2) қоғамдық және мәдениет объектілері үшін - қажеттілігіне қарай, аптасына 2 реттен кем емес;
      3) жеке үйлерді қоса алғанда көп қабатты үйлер үшін - қажеттілігіне қарай аптасына 1 реттен кем емес;
      Үнемі жоспарлы жинау үшін әр мамандандырылған ұйымды уәкілетті орган ТҮКШ белгіленген шекарада аумаққа бекітеді. Қалдықтарды сағат 7.00-ден ерте немесе сағат 20.00-ден кешіктірмей шығару керек. Мамандандырылған автомашинаның әр рейсін қалдықтарды жинау полигонының әкімшілігі жол қағазында белгілейді.
      85. Меншік түріне байланыссыз қызметін қала аумағында жүзеге асырып жатқан жер пайдаланушылар мен үй иелері ҚТҚ шығаруға мамандандырылған ұйымдармен шарт жасаулары керек. Көп қабатты тұрғын үйлердегі пәтер иелері кондоминиумдарды басқару органдарымен ҚТҚ шығаруға шарт жасаулары керек.
      ІКҚ кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар өз бетінше немесе жинауға тапсырыс беру жүйесі бойынша шығарады.
      86. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару, сақтау, зиян келтірмейтін ету, жинау және көму "Елді мекендердің аумағын күтіп ұстауға қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптар" СанЕменН сәйкес арнайы бөлінген учаскелерде немесе зиянсыз етуге және қайта өңдеуге арналған арнайы имараттарда жүргізіледі. ҚТҚ полигонын күтіп ұстауды ұйымдастыруды қызметтің осы түріне лицензиясы бар, мамандандырылған, пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
      Қалдықтарды осындай мақсатқа бөлінбеген басқа жерлерге шығаруға, сонымен қатар ауылшаруашылық егіс даласына көмуге жол берілмейді.
      Ескерту. 86 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      87. Белгіленбеген жерде қоқыс үйіндісінің пайда болуына, қалдықтардың жануына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Қағидаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Белгіленбеген жерде қоқыс үйіндісінің пайда болуына жауапты тұлғаны анықтай алмаған жағдайда қалдықтарды шығару және қоқыс орнын өңдеу жер иесінің қаражаты есебінен ТҮКШ уәкілетті органы белгіленген мерзімде жүргізіледі.
      88. Тұрғын үйлердегі қоқыс тастайтын құбырды осы үйлерге иелік ететін тұлға пайдаланады. Бұл тұлғалар қамтамасыз етулері керек:
      1) қоқыс құбыры мен қоқыс қабылдайтын камераның дұрыстығын;
      2) шусыз жұмыс істеуін, ол үшін басқыш алаңындағы қоқыс құбырының қоқыс тастайтын қақпақтары герматикалы, тығыз жетегі, резеңке аралық төсемі болуы керек;
      3) ай сайын қоқыс қабылдағыш камераны, құбырды, алаңды, контейнер түбін, сонымен қатар қоқыс жинағыштарды алдын ала залалсыздандыратын шараларды (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау) жүргізу керек.
      89. Қоқыс қабылдағыш камераны құлыптап қою керек, онда бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
      90. Қоқыс құбырына сұйық тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемдегі қоқысты тастауға жол берілмейді.
      91. Аулалық, канализация жүргізілмеген және қоғамдық дәретханалар тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңдардан және тұрғындар демалатын орындардан 20 метрден кем емес және 100 метрден артық емес қашықтықта орналастырылуы керек. Аулалық дәретханалардың шұңқырларын олардың толуына қарай кем дегенде жарты жылда бір рет тазалау керек.
      92. Аурухана ұйымдарында пайда болған қалдықтарды жинау, сақтау, шығару ауруханалық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, заласыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын талаптар сәйкес келуі керек.
      93. Тамақ қалдықтарын жинау, сақтау және пайдалану тамақ қалдықтарын жинау және оларды малға беру үшін пайдалану тәртібіне сәйкес бөлек жинап және оларды үнемі арнайы малды семірту шаруашылығына сататын жағдайда жүргізілуі керек. Қалдықтарды жеке тұлғаларға беруге жол берілмейді.
      94. Тамақ қалдықтары тек осыған арналған, дәрлеп тұратын (шелек, бакқа), қақпағы жабылатын, іші-сырты сырланған (мырышталған ыдыстарды қолдануға тиым салынады) ыдысқа жиналады. Тамақ қалдықтарын жинайтын ыдысты басқа да қандайда бір мақсатқа пайдалануға жол берілмейді.
      Ескерту. 94 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      95. Тері-венерологиялық, жұқпалы аурулар және таяқша аурулары ауруханаларында, сонымен қатар жұқпалы аурулармен ауырғандарды емдейтін арнайы санаторилерде, қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, халықаралық көлік қатынасы жолы бойында қызмет көрсететін асханалардан тамақ қалдықтарын жинауға жол берілмейді. Қалдық салатын ыдыстағы қалдықтарды іріктеп басқа ыдысқа салуға жол берілмейді.
      96. Тамақ қалдықтарын уақытша сақтау, олардың бұзылуының алдын алу және тұру жағдайына кері әсерін тигізбеу үшін бір тәуліктен аспау керек. Сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде тамақ қалдықтарын уақытша сақтау олардың бағыныштылығына және меншік түріне байланыссыз тек салқын бөлмеде сақталуы керек.

6. Уақытша объектілер үшін арнайы бөлінген орындарды дайындау және күтіп ұстау, олардың қызметін ұйымдастыру

      97. Қалада уақытша объектілер үшін арнайы орын бөлу тек уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
      98. Балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарынан радиусы 100 метр қашықтықтан жақын жерде уақытша сауда объектілерін орналастыруға жол берілмейді.
      99. Тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабатындағы пәтерлердің терезелері алдында, жаяу жолдарда, тамақ дайындайтын технологиялық қондырғылар, дыбыс шығаратын аппаратура орналастыруға және қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жазғы алаңдарын орналастыруға жол берілмейді.
      100. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жазғы алаңына келушілер олардың жұмыс істеп тұрған кезінде объектідегі көпшілік қолданатын әжетханаға еркін кіріп-шығуы қамтамасыз етілуі керек. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда жазғы алаң аумағында көпшілік қолданатын биоәжетхана орналастырылуы керек.
      101. Арнайы бөлінген орындар мен уақытша объектілерге көліктік қызмет көрсету іргелес жатқан жолдардағы, өту жолдарындағы, жаяу жолдардағы жүргіншілер мен көліктің қауіпсіз қозғалысына кедергі жасамау керек. Уақытша объектілерге жақын жерде автокөлік тұрағын салу, көліктің кіруіне тек ІІБ ПЖБ-нің келісімімен жүргізіледі. Осы мақсаттар үшін жаяу жолдарды, көгалдарды, жүргіншілер жолын пайдалануға жол берілмейді.
      102. Арнайы бөлінген орынның беті қатты жамылғымен жабылуы, жауын суы мен қардың ерігендегі судың ағып кетуін, палаткалармен және далаға шығарылатын сөрелермен, төбесі қатты қалқамен, урналармен, контейнерлер қоятын алаңдармен, көпшілік қолданатын жылжымалы немесе жылжымайтын әжетханалармен қамтамасыз етілуі керек, уәкілетті орган ТҮКШ қажет деп санаған жағдайда объектіні қоршау және жарықтандыру керек.
      103. Уақытша объектілердің иелері өз беттерінше немесе тазалауға тапсырыс беру жүйесі бойынша аумақты уақытылы жинауы және қоқысты шығаруы керек. Осы объектілердің жанында сауда жасап болғаннан кейін жиналатын қоқыстарды: сауда тартпасы басқа да жылжымалы сауда жабдықтары, жиылған қоқысты, тазаланбаған урнаны, қар және мұз үйінділерін қалдыруға жол берілмейді.
      104. Қалада ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерді, сонымен қатар Қазақстанның ұлттық диаспораларының діни - әдет ғұрыптық шараларын өткізетін күндері осы шаралар өтетін жерде қосымша сауда объектілерін, сонымен қатар тез қоғамдық тамақтандыру объектілерін (қауап, самаса, бәліш және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі. Қосымша объектілер орналастыру уәкілетті органмен жазбаша алдын ала келісу арқылы жүргізіледі.
      105. Металлдан жасалған гараждарды, дүңгіршектерді және басқа да уақытша объектілерді орналастыру, жеке тұрғын үй салудан басқасы уәкілетті органның келісімімен әр тұлғаға жеке ресімдеу арқылы жүргізіледі.
      Осы объектілердің иелеріне осы объектілер үшін арнайы бөлінген учаскелерге белгіленген тәртіпте жерді уақытша пайдалану құқы берілуі мүмкін.
      106. Өз бетімен орналастырылған дүңгіршектер, гараждар, күркелер, сарайлар олардың иелері есебінен бұзуға жатады.
      107. Металл гараждар, күркелер және басқа да уақытша объектілер орналастыруға рұқсат алған тұлғалар:
      1) металл гараждардың (басқа да уақытша объектілердің) қасбетіне нөмірін, берілген рұқсаттың нөмірін жазуы;
      2) гаражды бір рет уақытылы сырлауы;
      3) іргелес жатқан аумақты қоқыстан және арам шөптен уақытылы тазартуы керек.
      108. Уәкілетті орган ТҮКШ, мәдениет және тілдерді дамыту, сонымен қатар сәулет және қала салу бөлімдерінің рұқсатынсыз көзге көрінетін уақытша жарнамаларды орналастыруға және пайдалануға жол берілмейді.
      109. Уақытша объектілердің иелері бөлінген және бекітілген аумақтың көркін сақтауы, абаттандыру элементтері мен объектілеріне, жасыл көшеттерге зиян келтірген жағдайда бұзылған объектіні өз қаражаты есебінен уәкілетті орган ТҮКШ белгіленген мерзімде бастапқы қалпына келтіруі керек.

7. Шағын сәулеттік үлгілерді, фонтандарды, сыртқы жарықтандыру қондырғыларын, қаланы жарықпен безендіру элементтерін, жеке сыртқы көзге көрінетін жарнама объектілерін орналастыру және ұстау

      110. Елді мекен аумағы және көпшілік қолданатын орындар мен кіші сәулеттік формалармен - орындықтармен, көлеңкелегіш қалқалармен, күркелермен, гүл егілген орындармен, урналармен, фонтандармен, балалар ойнайтын, тұрғындар демалатын орындармен, қоршаулармен, телефон күркелерімен (ілінетін), автокөлік қоятын павильондармен және басқа да объектілермен жабдықталады.
      111. Кіші сәулеттік үлгілерді жобалау, салу, дайындау және орналастыру қалалық уәкілетті орган - сәулет және қала салу бөлімімен келіскеннен кейін жүзеге асырылады. Кіші сәулеттік үлгілердің құрылымы пайдаланғанда қауіпсіз, тұрақты болуы керек.
      112. Кіші сәулеттік үлгілердің иелері өз қаражаты есебінен оларды ауыстыруы, жөндеуі және сырлауы керек.
      113. Жұмыс істеп тұрған кезде судың беті қоқыстан күнде тазартылады. Пайдаланушы ұйым фонтандарды жұмыс істеп тұрған кезде және тоқтап тұрған кезде таза ұстауы керек.
      Ескерту. 113 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      114. Қала аумағы сыртқы жарықтандыру қондырғылары арқылы жарықтандырылады, оларға жататындар:
      1) электрмен қамтамасыз ету қондырғылары, тарату желілері;
      2) қорғау қондырғылары мен электр желісін жерге қосу;
      3) басқару қондырғылары;
      4) аспалы тростар, кронштейндер тіреуі.
      115. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын күтіп ұстау және қызмет көрсету келесі шараларды қамтиды:
      1) сыртқы жарықтандыру қондырғыларының техникалық жадғайының дұрыстығын сақтау, берілген өлшемдердің сандық және сапалық көрсеткіштерге сай келуін, шамдардың істен шыққан лампалары мен шағылыстырғыштарын ауыстыру, оларды тазалау, жарық деңгейін өлшеуді жүргізу;
      2) сыртқы жарықтандыру қондырғыларының режіммен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, кесте бойынша уақытылы қосылуын және өшірілуін, бақылау, сөніп тұрған лампаларды тауып, тез оларды ауыстыру.
      116. Көшелерді, жолдарды, қоғамдық орындарды, аулаларды және басқа да жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарықтандыру желісі кешкі қараңғы түскенде жарық деңгейі 20 люкске дейін қосылады, ал таңертеңгі жарық 10 люкстен асқан кезде ТҮКШ бекітілген кестеге сәйкес өшіріледі.
      117. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының жағдайын анықтау үшін екі аптада бір рет бақылау тексеру жүргізіледі және акт дайындалады. Қаладағы өшіп тұрған шырақтардың саны жалпы шырақ санының 5 пайызынан аспау керек.
      118. Металл тіреулер, кронштейндер және сыртқы жарықтандыру қондырғыларының басқа да элементтері мен түйісу желілері таза, тоттыққан орындары болмауы керек және оның сыртқы жағдайына байланысты 3 жылда бір рет сырлануы керек.
      119. Меншік иесінің рұқсатынсыз жарықтандыру тіреулерінде, инженерлік жүйелерде жарнамалық қалқан ілуге жол берілмейді.
      120. Істен шыққан газбен разрядталатын құрамында сынап бар шамдар, сынапты дросселді шамдар, күндізгі инертті сынап шамдар, күндізгі натри автоматтандырылған құбырлы шамдар, люминицентті шамдар осы мақсатқа арнайы бөлінген бөлмелерде сақталынады және оларды іске жарату үшін арнайы кәсіпорындарға апарады. Шамдардың осы түрлерін қалалық полигонға шығаруға жол берілмейді.
      121. Тұрғын үйлер мен тұрғын үй емес ғимараттардың және басқа да объектілердің қасбеттерін жарықпен безендіру сәулет саласындағы қалалық уәкілетті орган белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек және жарық тізбегін, жүгірмелі оттарды және басқа да заманауи жарықтандыру техникаларын пайдалана отырып безендіру керек.
      122. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның, сонымен қатар басқа да уәкілетті органдардың келісімінсіз жаңа объект салуға белгіленген тәртіпте сыртқы (көзге көрінетін) жарнамалық жеке объектіні орналастыруға және пайдалануға жол берілмейді.
      Жарнама берушінің меншігіне жатпайтын сыртқы және жарнамалық объектіге, ғимаратқа (имаратқа) немесе басқа жеке тұрған объектіге жарнама таратушыны орналастыру үшін ол объект иесінен рұқсат алуы керек.
      123. Сыртқы жеке жарнамалық объектілердің инженер-техникалық шешімі оларды пайдаланатын мерзімде құрылымның қауіпсіздігін, қаттылығын, төзімділігін, тұрақтылығын, табиғи әрекеттердің әр түріне белгіленген нормалар немесе өткізу деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету керек, сонымен қатар жарнама таратушы бекітілетін ғимараттар мен имараттар элементтерінің көтеру мүмкіндігін ескеру керек және оның әсерінен оларды пайдалану сапасын жоғалтпауын қарастыру керек. Сыртқы (көзге көрінетін) жеке тұрған жарнамалық нысанның иесі қауіпсіздік ережесін бұзғаны, сонымен қатар құрылымдарды құрастыру мен пайдалану талаптарын бұзғаннан пайда болған апаттық жағдайы мен бұзылуына жауап береді.
      Ескерту. 123 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

8. Құрылыс алаңдары мен жер телімдерін ұстау

      124. Салушы құрылыс нормалары мен ережелерін сақтай отырып салу-құрастыру жұмыстарының барлық түрін жүргізуі керек.
      125. Объектінің құрылыс алаңын (жаңа құрылыс объектісі, қайта салу, жөндеу, бұзу және бұрынғы объектіні сырып тастау) жайғастыру бойынша жұмысты бастамас бұрын салушы жұмыстың белгіленген түрлерін жүргізуге келісу және рұқсат алу үшін уәкілетті органға құжаттарын ұсынуы керек.
      126. Рұқсат алғаннан кейін қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес салу жұмыстарын бастамас бұрын салушы тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, қар мен мұзды тиісті полигонға шығаруға мамандандырылған ұйымдармен шарт жасауы керек және келесі міндетті талаптарды сақтай отырып құрылыс алаңын жайғастыру жұмыстарын жүргізеді:
      1) құрылыс алаңынан барлық периметрі бойынша бөгде адам кірмейтіндей етіп және қоқыс іргелес аумаққа шашылмайтындай етіп тұтас қоршаумен қоршалады. Қоршау металлдан жасалған пішінделген табақтардан немесе қоршауға арналған темірбетон панелден дайындалуы керек. Қоршау құрылымдары тігінен және көлденеңінен түзу қойылған және бекем бекітілуі керек, сырланған және түсі жағымды, сонымен қатар ескерту тақтайшалары мен белгілері болуы керек;
      2) халықтың көп жүретін жерлерінде қоршау тұтас қорғау күнқағармен жабдықталады, қажет болған жағдайда сүйеніш орнатылады, жаяу жүргіншілер галереясы, төсеніштер жайластырылады;
      3) шлагбаум немесе дарбаза орналастыру арқылы көліктің құрылыс алаңынан аула арасындағы көшелерге шығуын барынша азайту қарастырылады;
      4) шығар жерде ақпараттық қалқан орналастырылуы керек;
      5) тәуліктің қараңғы кездерінде құрылыс алаңының ішкі және сыртқы бөлігі периметрі бойынша жарықтандырылуы керек;
      6) құрылыс алаңына кірер жолдары және олардың бетінің қатты жамылғысы болуы керек; кірер жолдарды қалалық асфальтталған жолдарға айналма және уақытша жол салу арқылы түйістіру керек, сонымен қатар оларды дұрыс ұстау керек;
      7) құрылыс алаңынан шығарда көліктердің доңғалақтарын және басқа да лас бөліктерін жуатын (тазалайтын) пункт жабдықталады; құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақты 10 метрден кем емес қашықтық, салушы таза ұстауы және тазалап тұру керек;
      8) құрылыс алаңының аумағы таза болу керек, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды жинауға арналған контейнерлер (бункер-жинағыш) орналастырылуы керек және қоқысты уақытылы шығаруды ұйымдастыруы керек; құрылысты бастамас бұрын алаңда дәретхана орнату керек және оны ұстауды, жинауды, дәрлеуді қамтамасыз ету керек;
      9) құрылыс материалдарының, қоқыстың (синтетикалық пленканың, шымылдықтардың, ағаш қиындыларының, жинақтау материалдарының) құрылыс алаңынан желдің ұшырып әкетпеуіне жол бермейтін шараларды қарастыру керек;
      10) объектінің қабаттарынан қалдықтар мен қоқыстарды беті жабық лотоктарды және бункер-жинақтаушыны қолданбай лақтыруға жол берілмейді;
      11) ғимараттардың, имараттардың қасбетінде жұмыс істеген кезде арнайы осы мақсатқа қарастырылған, қасбетке немесе орнатылған ағаш құрылымға бекітілетін тордан жасалған торлы қоршау болуы керек; тордың қисық және салбырап тұруына жол берілмейді;
      127. Жасыл көшеттер аумағында салу және жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде оларға зиян келтірмеу шараларын қабылдау керек. Тапсырыс беруші салушы ұйым сақтап қойған жасыл көшеттерді сақтық қолхаты арқылы тапсыруы керек. Салуға немесе басқа да жұмыстарды жүргізуге бөлінген учаскеде жасыл көшеттерді сақтауға мүмкіндік болмаған жағдайда салушы өз қаражаты есебінен уәкілетті орган ТҮКШ келісілген жерде және көлемде жасыл көшеттерді отырғызуы керек.
      Жаңадан салынып жатқан ықшамаудандарда ғимараттар салып жатқан кезде құрылыс қоқыстарын жинауды ұйымдастыруды үйді салуға тапсырыс беруші қамтамасыз етуі керек, орталықтандырылған жоспарлы – тұрақты жинауды ғимараттарды пайдалануға берілген сәттен бастап ұйымдастыру керек.
      128. Барлық матералдар мен топырақты қоршау ішіндегі аумақта орналастыру керек, қазылған топырақ (құнарлысынан басқасы) тез арада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына немесе уәкілетті орган ТҮКШ (ЖКХ) келісімі бойынша басқа учаскеге шығарылады.
      129. Салушы салу жұмысын аяқтағаннан кейін барлық құрылыс қалдықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығаруы керек және шығарғандығын растайтын құжаты болуы керек; құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған көркі, сонымен қатар аумақта уақытша өту, жаяу жүргіншілер өту үшін, уақытша имарат ретінде материалдарды жинау үшін, инженерлік жүйелерді салу үшін және басқа да қажеттіліктер үшін пайдаланылғандар қалпына келтірілуі керек; қажет болған жағдайда жер телімін қайта тегістеу керек.

9. Жол жамылғысын, жаяу жолдарды, көгалдарды және басқа да қалалық инфрақұрылым объектілерін бұзып жүргізілетін жер қазу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізу, қала аумағындағы инженерлік желілерді имараттарды және ғимараттарды ұстау тәртібі.

      130. Жол жамылғысын, жаяу жолдарды, көгалдарды, басқа да абаттандыру элементтерін және қалалық инфрақұрылымның инженерлік имараттарын бұзып жүргізетін жер қазу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізетін тұлға осы жұмысқа тек жобалау құжаттары мен уәкілетті органның инженерлік коммуникация иесімен келісіп берген жазбаша рұқсаты болғанда ғана кірісе алады.
      131. Қарамағында инженерлік коммуникациялары бар тұлғалар:
      1) инженерлік жүйелер мен имараттардың техникалық жағдайын үнемі бақылау керек және қаланың көркін бұзуға, ең алдымен аумақты су басуға, және мұздың қатуына жол бермеу керек;
      2) бөлінген және қорғалатын аумақ пен зонаның санитарлық жағдайын, сонымен қатар құрастыру тәртібін сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкін жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақ жамылғысының жағдайын, топырақ себуді және пайдалануды бақылау керек;
      3) люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жамылғысы, жауын суы канализациясының темір торлары қатты жамылғы деңгейінде болуын және дұрыс ұсталуын бақылау керек;
      4) жер астындағы коммуникацияларға, құрылымдарға және имараттарға уақытылы жөндеу жүргізу, тазалау және сырлау керек.
      132. Қатты жамылғысы бар аумақты қайта салу немесе күрделі жөндеу жүргізген жағдайда нженерлік жүйе құдықтары қақпақтарын белгілерін қажетті параметрге дейін жеткізу жөндеуге тапсырыс беруші есебінен жүргізіледі.
      133. Рұқсат алу үшін уәкілетті орган ТҮКШ келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жұмыс жүргізуге рұқсат алуға тапсырыс;
      2) сәулет және қала салу саласындағы уәкілетті орган және инженерлік жүйелер мен коммуникация иелерінің жұмысты жүргізуге келіскен жобасы;
      3) жұмыс жүргізу жобасы немесе объект бойынша жұмысты жүргізу кестесі;
      4) жасыл көшеттер мен көгалдарды сырып тастауға тапсырыс беру (қажет болған жағдайда);
      5) жолдар, жаяу жолдардың бұзылған элементтерін және басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру туралы міндеттеме.
      Көрсетілген құжаттар негізінде уәкілетті орган ТҮКШ жұмыс жүргізуге рұқсат (ордер) береді, ал қажет болған жағдайда жасыл көшеттерді сырып тастауға рұқсат береді.
      134. Жұмысты жүргізуші жұмысты бастамас бұрын төмендегі талаптарды орындауы керек:
      1) қауіпті зона шекарасын қоршаумен қоршауға және белгіленген түрде алдын алу белгісін қоюға;
      2) жаяу жүргіншілер жүретін жерлерде көпірлер орналастыруға және қазылған жерді түнгі уақытта жарықтандыруға;
      3) сол жердегі жауын суы канализациясының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға;
      4) зонада механизмдер жұмыс істеген жағдайда жасыл көшеттерді сақтап қалатын саңылаусыз қалқандармен қоршауға;
      5) өтетін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналып өтетін және жаяу жүргіншілер жүретін жолдар дайындау керек, оларға тиісті белгілер мен көрсеткіштер қою керек;
      6) көлік қозғалысын жабумен немесе шектеумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде автокөлік қозғалысын жабуға тиісті рұқсат алу керек, ал қоғамдық көлік қозғалысының маршруты өзгерген жағдайда ол туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету керек;
      7) жұмысты қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сонымен қатар рұқсат қағазда көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізуді ұйымдастыруға.
      135. Құрылыс материалдарын сақтау жұмыстары барысында оларды жел ұшыруына және шашылуына жол бермейтін шараларды сақтап жүргізеді. Ары қарай қолдануға жарамсыз материалдар шығарылып тасталады. Жасыл көшеттер, ағын су торларын, қақпақтарды топырақпен және құрылыс матералдарымен жауып тастауға жол берілмейді. Аталған элементтер мен имараттарды қорғап қалу үшін люктерге және құдықтарға келуді қамтамасыз ететін қалқандар мен қоршауларды пайдалану керек.
      136. Ордерде көрсетілген жұмысты аяқтау мерзіміне қалалық шаруашылық объектілері мен құрылыс механизмдер жұмыс істеген зонаны тиісті қалпына келтіру керек. Қазылған жерлер жұмыс аяқталғаннан кейін тығыздалмайтын материалдармен (құм, шиыршық тас) көміледі. Ордер алған тұлға жұмыс аяқталғаннан кейін бір жұмыс күнінің ішінде ТҮКШ-ның уәкілетті органын хабардар етуі керек.
      137. Жердің бұзылған жамылғысы мен абаттандыру элементтерін қалпына келтіру, қайта топырақ себуді жұмыс аяқталғаннан кейін екі күннен кешіктірмей бастау керек. Жұмыс жүргізілген жерлердегі жердің асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру кезінде ТҮКШ және ІІБ ПЖБ уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен абаттандырудың бұзылған элементтерін қалпына келтіру туралы акт дайындалады.
      138. алынып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/4 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      Ескерту. 138 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      139. Жұмыс жүргізу жағдайын бұзғаны, сапасыз қалпына келтірген немесе қалпына келтіру жұмыстарының мерзімін бұзған жағдайда ТҮКШ-ның уәкілетті органы анықталған кемшіліктерді жою және оны орындау үшін оңтайлы мерзім белгілеу туралы ордер алушыға жазбаша өкім жіберуі керек.
      140. Жазбаша өкімде көрсетілген кемшіліктерді орындау мерзімі өткеннен кейін жазбаша өкімді орындамаған жағдайда ТҮКШ-ның уәкілетті органы осы Қағиданы бұзған, кінәлі тұлғаны қала шаруашылығына келтірген зияны үшін материалдық және әкімшілік жауапкершілікк тарту үшін сотқа материалдар дайындайды.

10. Апатқа байланысты жұмыстарды жүргізу

      141. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын пайдалану немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде су объектілерін ластауға, тұрғындардың тіршілігі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеліп соғатын апаттар төтенше оқиға болып табылады және олардың қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін қысқа мерзімде жедел шаралар қабылдауды талап етеді.
      142. Апат болған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен имараттардың иелері, пайдаланушы ұйым тез арада апатты және оның салдарын жою бойынша шаралар қабылдауы керек. Жұмыс барысында адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін, сонымен қатар жақын орналасқан жер асты және жер үсті имараттардың, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерінің сақтығын қамтамасыз ету керек.
      143. Пайдаланушы ұйым апат болған жерге апаттық жұмыстарды жүргізетін бригаданы жіберумен қатар ТҮКШ-ың уәкілетті органына, апат болған аумақта жер асты және жер үсті имараттары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, ІІБ ПЖБ-на және басқа да мүдделі ұйымдарға апаттың орны және сипаты туралы хабар береді.
      144. Апат болған зонада жер асты және жер үсті коммуникациялары бар барлық тұлғалар апат туралы ақпарат алғаннан кейін, тез арада апат орнына өздерінің өкілдерін атқару сызбаларымен жібереді, олар өздерінің қарамағындағы инженерлік коммуникациялар мен имараттардың орналасқан жерін көрсетулері керек.
      145. Апат болған жерге жақын жерде материалдар мен басқа да құндылықтарды сақтайтын тұлғалар апат жұмыстарын жүргізетін басшының бірінші талабы бойынша апатты жою үшін тез арада орынды босатуы керек.
      146. Егер де апатты жою жұмыстары жолды жартылай немесе толық жабуды талап ететін болса, ІІБ ПЖБ жолды уақытша жабу, көліктердің айналып өту маршруты және зақымданған жүйе иесімен бірге оны жою мерзімін белгілеу туралы жедел шешім қабылдайды.
      147. Апаттық жұмыстарды жүргізетін жерді қалқандармен немесе белгіленген үлгілердегі қоршаумен қоршайды, қызыл габариттік фанарлар қою арқылы апат орнын жарықтандырады. Жолдың өтетін бөлігіне ІІБ ПЖБ-ның келісімі бойынша қажетті жол белгілері қойылады. Апатты жою бойынша жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлға жұмыс толық аяқталғанға дейін апат орнын жарықтандыруға, қоршау қоюға, жол белгілерін қоюға жауап береді.
      148. Апат салдарын жою және аумақты қалпына келтіру үшін апат болғаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат ресімделінеді. Тиісті рұқсат ресімделмеген жағдайда жер және жер қазу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      Ескерту. 148 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.05.21 N 29/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      149. Апаттық жұмыс аяқталғаннан кейін инженерлік жүйелердің иелері тез арада бұзылған жол жамылғысы мен абаттандырудың басқа да элементтерін қалпына келтіреді.
      150. Апаттық жұмыстарды сылтауратып жоспарлы жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

11. Теміртау қаласы мен Ақтау кентін абаттандыру, санитарлық жағынан ұсталуы және аумағын тазалауды ұйымдастыру жағдайына бақылау жасау бойынша уәкілетті органдардың қызметі.

      151. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы Қағиданың сақталуын бақылауды ТҮКШ-ның уәкілетті органдары, қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет және қала салу, көлікті бақылау, өртке қарсы және санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдары және өз құзыры шегінде басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      152. Қаланы абаттандыру жағдайын жалпы бақылауды және мемлекеттік бақылау қадағалау органдарының осы Қағиданы орындауға қатысты мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді, сонымен қатар комиссия құрып тексеру мен қарап өту ТҮКШ уәкілетті органы жүзеге асырады.

12. Жеке және заңды тұлғалардың Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағының абаттандыру Қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы

      153. Осы Қағиданы бұзуға кінәлі заңды және жеке, сонымен қатар лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаларға және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Қағиданы бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуға шара қабылдау оларды келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру және жіберілген кемшіліктерді жою жауапкершілігінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады