Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 1 наурыздағы 8 сессиясының N 8/5 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 21 мамырдағы N 29/5 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 маусымда N 8-3-106 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы N 4/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012.06.05 N 4/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 1 наурыздағы 8 сессиясының N 8/5 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-54 тіркелген, "Зеркало" газетінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 16, "Теміртау" газетінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 17 жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің алғысөзінде:
      "мемлекеттік басқару" сөзі "және өзін-өзі басқару" сөзімен толықтырылсын;
      2) осы шешіммен бекітілген Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандыру Қағидасының алғысөзі келесі мәтінде берілсін:
      "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандырудың осы Қағидасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
      Осы Қағиданың міндеттері:
      азаматтардың экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен қауіпсіздігі үшін конституциялық құқықтарын жүзеге асыру;
      мемлекеттің қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығына кері әсер етпейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және қолайлы қоршаған ортаны сақтау қағидаларын жүзеге асыру;
      халықтың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау.
      Теміртау қаласы мен Ақтау кенті үшін осы Қағиданың мақсаты:
      қысқы және жазғы кезеңде аумақты күтіп ұстау және тазалаудың ортақ ережесін анықтау;
      көліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруіне қажетті жағдайлар жасауды және тазалықты қамтамасыз ететін жер қазу және тазалау жұмыстарын орындау кезінде жалпы талаптарды белгілеу;
      аумақты санитарлық жағынан ұстау бойынша (дыбыс және шу режімдерін қоса алғанда) жалпы талаптарды белгілеу;
      сыртқы жарықтандыру, жарнама нысандарын, жасыл екпе ағаштарын, ғимараттарды және қалалық, кенттік инфрақұрылымның басқа да нысандарын ұстаудың жалпы тәртібін белгілеу.
      Қағида меншік түріне, азаматтығы мен бағыныстылығына қарамастан Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің барлық жеке және заңды тұлғаларына, үй иесі, жерді пайдаланушы, жалға алушы және құрылыс салушыға міндетті.
      Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағын абаттандыру, санитарлық ұстау, жинастыруды ұйымдастыру және тазалығын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру және үйлестіруді қала әкімі мен Ақтау кенті әкімінің лауазымды тұлғалары, уәкілетті органы-ТҮКШ, басқа да уәкілетті органдар атқарады.
      Осы Қағида мәтініндегі "қалалық", "қала" деген анықтамалар мен түсініктемелер Теміртау қаласына қатысты түсініктер мен ережелер Ақтау кентіне де тең дәрежеде қолданылады.";
      3) 42 тармақ келесі мәтінде берілсін:
      "Суды көп жіберудің әсерінен (қазаншұңқырдан, апаттық жағдайда инженерлік жүйедегі суды ағызып шығарғанда) пайда болған су басуды осындай кемшілікке жол берген ұйым жояды.";
      4) 44 тармақтың бірінші абзацындағы бірінші сөйлем келесі мәтінде берілсін:
      "Жапырақтар түсетін кезеңде қоғандарға, көшелерге, жолдарға, жүрер жолдарға, аулаларға, бекітілген және бөлінген аумақтарға түскен жапырақтар жиналады және шығарылады.";
      5) 86 тармағының бірінші абзацындағы екінші сөйлем келесі мәтінде берілсін:
      "ҚТҚ полигонын күтіп ұстауды ұйымдастыруды қызметтің осы түріне лицензиясы бар, мамандандырылған, пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.";
      6) 94 тармақтағы үшінші сөйлем алынып тасталсын;
      7) 113 тармағындағы бірінші сөйлем алынып тасталсын;
      8) 123 тармағындағы екінші сөйлем келесі мәтінде берілсін:
      "Сыртқы (көзге көрінетін) жеке тұрған жарнамалық нысанның иесі қауіпсіздік ережесін бұзғаны, сонымен қатар құрылымдарды құрастыру мен пайдалану талаптарын бұзғаннан пайда болған апаттық жағдайы мен бұзылуына жауап береді.";
      9) 138 тармағы алынып тасталсын;
      10) 148 тармағындағы екінші сөйлем келесі мәтінде берілсін:
      "Тиісті рұқсат ресімделмеген жағдайда жер және жер қазу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.".
      2. Осы шешім оны ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік
      құқықтық бөлімінің бастығы                 В. Карлаш
      2010 жыл 25 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының құрылыс,
      сәулет және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________                        Г. Күсенова
      2010 жыл 26 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы
      _______________                            А. Есмұрзаев
      2010 жыл 24 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының ішкі
      істер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________                             Д. Қожахметов
      2010 жыл 25 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласы бойынша
      мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________                           Қ. Асқаров
      2010 жыл 25 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады