Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 02 шілдедегі N 11/7 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 шілдеде N 8-3-63 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 31/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.09.14 N 31/5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында 2006 - 2008 жылдары тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту Бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысының негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (8-3-24 нөмірмен тіркелген, "Зеркало" газетінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 32, "Теміртау" газетінің 2006 жылғы 10 тамыздағы N 32 жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 баптың 2 тармағындағы "20" саны "10" санына ауыстырылсын;
      2) 4 баптың:
      14 тармағындағы "отбасы құрамы" сөзінен кейін ", сонымен қатар тұрғын үйін ұстаұға және коммуналдық қызметке төлеген шығындары." сөзімен толықтырылсын;
      16 тармақшағы "коммуналдық қызметке," сөзінен кейін "тұрғын үйді ұстаұға, отбасы құрамы және отбасының тұтас табысының көлемі," сөзімен толықтырылсын;
      3) 7 баптың:
      32 тармағындағы 10) тармақшасы ", қалалық қоғамдық көлікте (такси, трамвайдан басқа) жеңілдікпен жол жүру билетінің құны" сөзімен толықтырылсын;
      11) тармақша төмендегідей абзацпен толықтырылсын:
      "білім туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарының тегін көрсететін көмегі және тамақтандыруы;";
      32 тармақ келесі тармақталармен толықтырылсын:
      "14) тұрғындардың көш-қоны мәселесі жөніндегі заңнамалық актілерде оралмандардың:
      тұрақты тұратын мекенжайына келу және мүліктерін әкелу (оның ішінде малын);
      келген жерден тұрғын үй алу шығындарының орнына төлеуге және біржолғы жәрдемақы төлемдерін төлеуге қарастырылған қаражат;
      15) жергілікті бюджеттен ақшалай немесе заттай көрсетілетін көмек, оның ішінде азаматтардың жекеленген санаттарына негізгі азықтық тағамдар бағасының өсуіне байланысты көрсетілетін материалдық көмек.";
      4) 10 баптың 43 тармағының бірінші абзацындағы:
      "анықтама" сөзі "сот орындаушысынан немесе" сөзімен толықтырылсын;
      "аудармайды" сөзі "бас бастандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында ұстау уақытын көсету" сөздерімен толықтырылсын;
      5) 2 қосымшаның 7 тармағында:
      "коммуналдық қызметтердің" сөздерінен кейін "тұрғын үйді ұстау" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            Н. Жұманов

      Мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Теміртау қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Юрий Николаевич Ким
      02 шілде 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады