Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 шілдедегі N 31/7 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2006 жылғы 3 тамызда N 8-3-24 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 31/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.09.14 N 31/5 шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің атауындағы және мәтініндегі "Аз қамтылған" сөзі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын" сөзіне ауыстырылды; "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөзі "қызмет көрсету" сөзіне ауыстырылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі  N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қаулысының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Алғысөзі жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға, қалалық мыслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.

      Мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Теміртау қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Юрий Николаевич Ким
      14 шілде 2006 ж.

Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасы

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес дайындалған.
      Ескерту. Алғысөзі жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы соммасы;
      2) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
      3) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіпте бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, некеден, туыстықтан, балаларды асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудан немесе балаларды басқа да үлгіде тәрбиелеуге алудан шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
      4) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      5) тұрғын үй жәрдемақысы – әлеуметтік тұрғыдан қорғалатындар  тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну төлемдері бойынша шығындарын қайтару, сондай-ақ қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары үшін берілетін өтемақы;
      6) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) - "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      7) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға құжаттар қабылдау бойынша уәкілетті орган – "Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі (ары қарай - ХҚКО);
      8) арнайы комиссия – тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау (қабылдамау) мәселелері бойынша даулы, таластық және стандарттық емес жағдайларды шешу үшін құрылған, уәкілетті орган бастығының бұйрығымен бекітілген комиссия.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғылықты тұратын адамдарға мынандай жағдайда беріледі, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шаққан шығын, тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шаққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынуға төлеу көлемі отбасының жиынтық табысының 10 % шегінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2008.07.02 N 11/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының нормасын анықтау

      3. Тұрғын үй жәрдемақысы келесі нормада береді:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін -30 шаршы метр;
      2) бір адамның коммуналдық қызметті тұтыну нормасы:
      газ:
      орталықтандырылған ыстық суы бар, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде – айына 8 килограмм;
      орталықтандырылған ыстық суы бар, газ плиталарымен жабдықталмаған үйлерде – айына 10 килограмм;
      тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында екі қабаттан биік емес тұрғын үйде тұратындардың газ баллоны есептелінеді;
      қатты отын:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға –1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлер үшін 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде).
      Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
      нақты шығындар бойынша отбасына электр қуатын тұтыну:
      газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
      электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
      3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс шығаруды, эксплуатациялық шығындар нормалары басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен қызмет көрсетушілер белгілеген тариф негізінде немесе белгіленеді.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 ((қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      4. Тұрғын үйге төлеу мен коммуналдық қызметті нормадан жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
      5. әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте тұрғын үй жәрдемақысы механизімі арқылы жүргізіледі.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу тәрібі

      6. Тұрғын үй жәрдемақысын уәкілетті орган олардың мекен-жайлары бойынша үй иесі немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындайды.
      7. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін немесе жалдайтын отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      8. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы (бір немесе бірнешеу) тәрбиелеуменен айналысатын адамдарды есепке алмағанда, отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
      9. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы дау-жанжал туғанда немесе кездейсоқ жағдайлар болған кезде мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына беріледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
      10. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қызмет көрсету телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару соммасынан артуы тиіс емес.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      11. Нақты есептелген сомма туралы мәлімет коммуналдық қызмет жеткізушілер (қағазда немесе электронды тасмалдағышта) ұсынады.
      12. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлеу үлгісі – бұл төлемді тұрғын үй жәрдемақысының соммасын тұрғын үй және коммуналдық қызметтер төлемдеріне тең сомаға азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының соммасы комммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
      Қолма-қол төлеу үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
      13. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақысын беру мерзімдері мен кезеңділігі

      14. Тұрғын үй жәрдемақысын уәкілетті орган барлық қажетті құжаттарымен бірге өтінім бергенде 6 ай мерзімге тағайындайды. Отбасының құрамы және табысы туралы, сонымен қатар тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке төленетін шығындар туралы мәліметті тоқсан сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындайтын уәкілетті органға тапсырып отырады.
      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      15. Тұрғын үй жәрдемақсын алушылар 10 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы қажет.
      Өтемақыны заңсыз немесе асыра төленуіне әкеліп соқтырған жалған мәліметтер берілгені үшін үй иесі (жалға алушы, жалдаушы) алты ай көлемінде жәрдемақыны алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй жәрдемақы соммалары заңнамаларда бекітілген тәртіпте қайтарылуға жатады.
      16. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке, тұрғын үйді ұстаұға, отбасы құрамы және отбасының тұтас табысының көлемі, төлеу үлесінің мөлшері, коммуналдық қызмет ставкалары мен тарифтерінің өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған жәрдемақылар, тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      Ескерту. 16 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2008.07.02 N 11/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      17. Жәрдемақыға құқықтылығын анықтау кезде, отбасының басқа қалаларда уақытша тұратыны, тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш беру және тағайындау тәртібі

      18. Тұрғын үй жәрдемақылсын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ХҚКО келесі құжаттармен өтініш береді:
      1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды, тууы туралы N 4 үлгідегі анықтама қоспағанда) көшірмесі;
      6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет;
      7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
      8) өтініш берушінің қызмет абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
      9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
      10) жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша немесе ХҚКО-нан жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      11) сәбидің (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері).
      Ескерту. 18 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      19. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, тексергеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      20. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      21. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келесім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй жәрдемақысын алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын алуға негіз болып табылады.
      Ескерту. 21 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      22. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруі керек.
      23. Тұрғын үй жәрдемақысының көлемі норма шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушысының нақты төлемінен қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
      Ескерту. 23 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

6. Жиынтық табысты есептеу тәртiбi

      24. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақсын тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган есептейдi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
      25. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есептеу кезеңінде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келген (кеткен) күні есепке алынады (есепке алынбайды).
      Ескерту. 25 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда (бұдан әрi - есептеу кезеңі) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      28. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде жиынтық табысқа есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
      29. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      30. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде ескерілетін табыс түрлерi

      31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық түрлерi ескеріледі:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыстар.
      32. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      6) мерекелік және мерейтойлық күндерге мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен көрсетілетін біржолғы материалдық жәрдем;
      7) отбасы мүшелерінің бipeуiне осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      8) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге баруға жолына төленетін жолақы;
      9) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      10) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге жеңілдiкпен жол жүру құны, қалалық қоғамдық көлікте (такси, трамвайдан басқа) жеңілдікпен жол жүру билетінің құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай көрсетілген көмек:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде;
      білім туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарының тегін көрсететін көмегі және тамақтандыруы;
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
      14) тұрғындардың көш-қоны мәселесі жөніндегі заңнамалық актілерде оралмандардың:
      тұрақты тұратын мекенжайына келу және мүліктерін әкелу (оның ішінде малын);
      келген жерден тұрғын үй алу шығындарының орнына төлеуге және біржолғы жәрдемақы төлемдерін төлеуге қарастырылған қаражат;
      15) жергілікті бюджеттен ақшалай немесе заттай көрсетілетін көмек, оның ішінде азаматтардың жекеленген санаттарына негізгі азықтық тағамдар бағасының өсуіне байланысты көрсетілетін материалдық көмек.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2008.07.02 N 11/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде ескерілетін, еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыстар

      33. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Қағиданың 32-тармағында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, сомасы атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйымды (заңды тұлға) тарату немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметiн тоқтатқан кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде қызметкерлер саны немесе штаты қысқартқан жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақысы;
      маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы, оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде, ол жиынтық табысқа есептелмейді.
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақысы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылары мен қосымша ақылары ескерiлген ақшалай үлесi;
      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс берушi төлеген несие сомасы. Көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      зейнетақылардың барлық түрлерi оларға, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен тағайындалатын өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      он сегіз жасқа толғанға дейінгі балаларға төленетін айсайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да қосымша төлемдер;
      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес берiлетiн (осы Қағиданың 32-тармағының 11) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа) заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
      Ескерту. 33 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      34. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде, оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      35. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс, олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.

9. Жиынтық табысты есептеу кезiнде ескерілетін кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынатын табыстар

      36. Жиынтық табысты есептеу кезiнде ескерілетін кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен алынатын табыстар:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыстар.
      37. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жеке азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы, олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      38. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
      39. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде ескерілетін, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiнде алатын табыстары

      40. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында кіреді.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа, олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      41. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      42. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi (сот атқарушысының анықтамасы болған жағдайда).
      43. Жиынтық табыс алименттерді есепке алмай мына жағдайларда есептеледі:
      егер төлеуші бас бостандығынан айыру орнындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса (түзеу мекемесінен балаларына алимент аудармайды бас бастандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында ұстау уақытын көсету деген анықтама сот орындаушысынан немесе берілген жағдайда);
      туберкулездік, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен түзеу профилакториясында емделуде немесе еспте болған болса (анықтамалармен негізделгенде);
      Қазақстан Республиксасымен тиісті келісімі жоқ мемлекеттке тұрғылықты тұруға кеткен болса;
      өкілетті орган анықтамасымен расталған ішкілікке салынған, нашақорлық жолына түсіп, балаларын мен басқа да асырауындағыларды күтеуден бас тартқан болса.
      Ескерту. 43 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2008.07.02 N 11/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      44. Егер баланың анасы баланың әкесімен некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса, жиынтық табыс алименттi есепке алмай есептеледi.
      45. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      46. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде ескерілетін, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар

      47. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      48. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң жеке қосалқы шаруашылығы және оның мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде есептеледi.
      49. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Қағиданың 6, 7, 8 қосымшаларының негiзiнде есептейдi. Теміртау қаласы Қарағанды облысының табиғат жағдайына байланысты қуаң далаға жатады.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      50. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
      51. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      52. Осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      53. Үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс (осы Қағиданың 52-тармағында көрсетiлгендерден басқа) табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептеу кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
      54. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын (осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес) уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

12. Жиынтық табысты есептеу кезiнде ескерілетін өзге табыстар

      55. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыстар ескертіледі:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақшадан;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) байқауларда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де анықталған табыстар.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын, шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
      56. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      57. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      58. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс, оның алынған күннен бастап жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа жылжымайтын мүлікті (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған жылжымайтын мүлік (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы
ӨТІНІШ

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Өтініш етушіні қоса есептегенде _______ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметке, сондай-ақ қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы бойынша төленген шығындарды қайтару үшін жәрдемақы төлеуіңізді өтінем.
      Мен және менің отбасымның мүшелері, біздің келісіміміздің айғағы ретінде, отбасы мүшелерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетуге болатын табыстары туралы мәліметтерді "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі беруге рұқсат етеміз.

ӨТІНІШ ИЕСІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

      Ф.А.Т. _______________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты ____________________________________
____________________________________________________________________
            (өтініш етушінің туған күні, айы, жылы,
____________________________________________________________________
              құжаттың берілген күні ж/е нөмірі)
СТТН ______________________________ ӘЖК___________________
Табыс түрі ________________________
Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстарым жоқ ______________
Мекен-жайым ________________________________________________________
Телефон ____________________________________________________________
Қызмет көрсетуші ___________________ Типі __________________________
       (коммуналдық қызмет көрсетуші)  (жеке меншіктік, мемлекеттік)
Жалпы алаңы _____________________ Бөлмелер саны ____________________
      Өтініш берушінің қолы __________________________
      Берілген күні __________________________________

Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй жірдемақысын беруге
КЕЛІСІМ-ШАРТ

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2008.07.02 N 11/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

Теміртау қаласы                              200__ж. "__" ___________

      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бір жақтан және екінші жақтан тұрғын үй иесі (жалдаушы, жалға алушы) төмендегідей етіп осы келісім-шартты жасады.
      2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй иесімен (жалдаушымен, жалға алушымен) ұсынылған құжаттар негізінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген айдан бастап, қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз түрінде алты ай мерзімге отбасысы __________ адамнан тұратын, ____________________________________________________________________
______________________________________________________тағайындалады.
   үй иесінің (жалдаушының, жалға алушының Ф.А.Т.)

      3. Өтемақыны заңсыз немесе асыра төленуіне әкеліп соқтырған жалған мәліметтерді "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бергені үшін үй иесі, (жалға алушы, жалдаушы) алты ай көлемінде жәрдемақыны алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй жәрдемақы соммалары бекітілген заңнамалық тәртіпте қайтарылуға жатады.
      4. Тұрғын үй иесі (жалдаушы, жалға алушы) "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тоқсан сайын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер бойынша, сондай-ақ отбасы құрамы мен табыстары туралы мәліметтерді (түбіртектерді) әкеліп өткізуі керек.
      5. Осы келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады.
      6. Алынып тасталды - Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      7. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тұрғын үйді ұстау тарифтері, отбасы құрамы мен жиынды отбасы табыстарының мөлшері өзгерген жағдайда, бұрында тағайындалған жәрдемақылар соммасы, тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.

      "Теміртау қаласының жұмыспен          Баспана иесі
      қамту және әлеуметтік                (жалдаушы, жалға беруші)
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлеккеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________________             ________________________
              (қолы)                                 (қолы)

Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
3 қосымша

Тұрып жатқан баспанасының жалпы алаңының көлемі
мен отбасы құрамы туралы
АНЫҚТАМА

     Ескерту. 3 қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009.09.03 N 20/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

__________________________________________________________ азамат(ша)

мына мекен-жайда тұратындығы анық: _________________________________

________________________________ көшесі (ықшамаудан) ___ үй ____пәтер

Отбасысы ________ адамнан құралған. Пәтерінің көлемі _______________

Пәтерге құқығын белгілейтін құжат N _______ 200__ж "___"____________ берілген.
Ордер N _____________ 200___ж. "____"_______________________________

Негізгі пәтер-үй иесімен біргеге тұратындар:

Ф.А.Т.

Туған жылы

Туысқандық қатынасы

Қай уақыттан бастап бірге тұрып жатыр





























Анықтама азаматтарды тіркеу кітабы негізінде толтырылады.

200 __ ж. "___"_______________ Қабылдаған маманның қолы ____________

Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
4 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің табыстары туралы
АНЫҚТАМА

Отбасы мүшесінің Ф.А.Т.______________________________________________

Айы, жылы













Зейнетақы













Мемлекеттік арнайы жәрдемақы













Арнайы мемлекеттік жәрдемақы













Айлық













Басқалар













Отбасы мүшесінің Ф.А.Т.______________________________________________

Айы, жылы













Зейнетақы













Мемлекеттік арнайы жәрдемақы













Арнайы мемлекеттік жәрдемақы













Айлық













Басқалар













      Түсініктеме: Табыс соммасы сәйкес құжатпен дәлелденуі қажет. Табыс соммалары өткен тоқсандағы алынған табыстармен толтырылады, тұрғын үй жәрдемақысы өтіп жатқан тоқсанға тағайындалады.

Өтініш иесінің қолы____________________ Берілген күні_______________

Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
5 қосымша

200__ жылдың _____________
тұрғын үйін ұстауға және коммуналдық қызметтерге төленетін шығындары туралы
МӘЛІМЕТТЕР

Төлеуші ______________________________________      Әлеуметтік топ:
          ( тұрғын үй иесінің, жалдаушының          зейнеткер
______________________________________________      жұмыссыз
                жалға алушының Ф.А.Т.)              жұмыс істейтіндер
Мекен-жайы ___________________________________      басқалары
Жалпы көлемі__ш.м. Бөлме саны__ Әлеуметтік норма__
Үйдің жалпы көрінісі _________________________
         (баллонды газ немесе, электр плитлары)     Жиынтық табыс:
Жеке шот _____________________________________      __ тоқсан
                                                    __ тоқсан

Төлем түрі

Есептелгені

Есептелгені

Есептелгені

Есептелгені

Есептелгені

1. Баспанасын ұстауға арналған шығындар






2. Жылыту






3. Салқын су






4. Канализация






5. Ыстық су






6. Қоқыс шығару






7.Электроэнергия






8. Газ






9. Телефон






БАРЫ-ЖОҒЫ:






200 __ ж. "__"_____________ Қабылдаған маман қолы_________________

Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
6 қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа еңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-б aғ-3-ағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

150




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

15

91




Бiр жылдық шөптер

10

83




Картоп

70

1164




Көкөнiстер

80

1245




Бақшалар

115

518




Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

30

583




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

22

514




Жидек дақылдары

23

819




Жүзім

22

595




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алатын орташа өнімділік кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмырт қаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-ағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1900

21034




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

16435




Шошқалар (шошқа еті)

110

9107




Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,5

3042




Жылқы (жылқы еті)

124

7446




Түйе (түйе еті)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200
жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Жүзім






Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
7 қосымша

АЗЫҚ-ТҮЛIКТIК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
YЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ
ЖАСЫ

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

Ай

25

Қойлар мен ешкiлер

Ай

12

Шошқалар

Ай

10

Жылқылар

Ай

16

Түйелер

Ай

18

Жұмыртқалайтын құс

Күн

195

Етті құс

Күн

125

Теміртау қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 14 шілде
31 сессиясының N 31/7 шешіміне
8 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә._______________________________________
      Үйiнiң мекен-жайы ____________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

Жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

Х

Х


Х

Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

Х

Х

Х


      200__ж. "___"_________               _________________________
                                           (өтiнiш берушiнiң қолы)
      ___________________________________________
      (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады