Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихаты аппаратының 2011.04.22 N 1-24/70 хатымен).
2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiне (Салық Кодексi) сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қаражал қаласы елдi мекендер шегінде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар 2009 жылға 30 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет және экономика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (Б. Мусин) жүктелсiн.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХІІ сессияның төрағасы Т. Қасымов
Қалалық Мәслихаттың
хатшысы Н. Кәдірсізов