Күндізгі бөлім оқушыларының қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 178 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 8-6-73 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы N 289 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.02.03 N 289 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
      1) жалпы білім беру оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушылары – тегін жүру (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа).
      2) Сәтбаев қаласының жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылары – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
      3) кәсіби мектептердің, колледждердің оқушылары – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (2009 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа).
      2. Сәтбаев қаласының жалпы білім беру оқу орындарының, кәсіби мектептердің, колледж оқушыларының келесі санаттарына 2009 жылдың жазғы маусымына (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру сақталсын:
      1) жетім балалар;
      2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар;
      4) мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек балалар;
      5) көпбалалы отбасыларынан шыққан балалар;
      6) ата-анасының біреуінен айырылған балалар;
      7) жалғызбасты аналардың балалары.
      3. 2009 жылға арналған қалалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының "Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру" 06.2.464.008.100 бағдарламасы бойынша қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).
      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В. Цой

      Қалалық мәслихат хатшысы                   М. Ковтун

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады