Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2009 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 10 сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 197 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 8-7-79 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Cаран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы N 2-27/63 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2011.05.11 N 2-27/63 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 2009.02.26 N 226 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, алушының қалауы негізінде екінші деңгейдегі банк арқылы тиісті әлеуметтік төлем сомасына, тиісті банктік операцияларға, Қазақстан Республикасының Халық Банкісінің лицензиясы бар, әлеуметтік төлем сомасына сәйкес жеке шоты көрсетілген өтініші негізінде, оның қалауы бойынша екінші деңгейлі банкі арқылы кепілдік берушіні тағайындап, төмендегі азаматтар тобына ақша аударылсын:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне:
      1) бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде, сондай-ақ бұрыңғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия, флот құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер қатарында болған мүгедектерге, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери–теңіз базалары мен әуежайларды салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген жұмысшылар мен қызметшілерге;
Әлеуметтік көмек төлемдері Саран қаласының зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін.
      2) қорғанысқа қатысу майданындағы армия бөлімдерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептелген және қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай–ақ бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының, Кеңестік армия, Әскери–теңіз флотының, Ұлы Отан соғысы кезінде армия құрамына енген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымды атқарған, немесе осы мерзімдерде қалалардың қорғанысына қатысқан, әскери қызметкерлер үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептелген ерікті жалданбалы құрамында болғандарға;
      3) екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа еркінен тыс қамауда болған бұрыңғы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
      4) Ленинград қаласында қоршау кезеңінде өндірістерде, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істегендерге және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
      5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы КСР Одағының батыл еңбегі және әскери қызметі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған адамдар, сондай ақ 1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттық зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еріктерімен көшкен) адамдар және қоныс аударған күні анасының құрсағындағы балалар;
      6) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған (өлген, хабар–ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ата–аналарына;
      7) соғыста қаза болған мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) және соларға теңестірілген мүгедектерге, сондай–ақ "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған, екінші некеге отырмаған жалпы ауру нәтижесінде, еңбектің зардабы, және басқа себептермен мүгедек болып қалған, қаза болған азаматтардың, партизандардың, астыртын жауынгерлердің әйелдеріне (күйеулеріне);
      8) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында алты айдан аса жұмыс істеген (қызмет атқарған) азаматтарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл жауынгерлерінің ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы кеңес одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға;
      9) әскери қызметкерлердің, қаза болғандардың (хабар–ошарсыз кеткендердің), немесе Ауғанстанда немесе басқа да әскери әрекеттер болған мемлекеттерде әскери борыштарын өтеу кезінде жараланған, зақым алған, мүгедек болып қалған, ауруға ұшырағандардың отбасыларына, бейбіт өмірде әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс болған (өлген) әскери қызметкерлердің отбасыларына;
      10) бұрыңғы КСР Одағының өкімет органдарының шешімдеріне сәйкес, басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңестік армияның, Әскери–теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрыңғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), бұрыңғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес, басқа мемлекеттердің аумағында әскери әрекеттерге қатысқан; әскери әрекеттерді жүргізу кезінде оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге; әскери әрекеттерді жүргізу кезінде Ауғанстанға жүктерді жеткізу үшін жіберлігендерге; бұрыңғы КСР Одағы аумағынан Ауғанстанға әскери тапсырмалар үшін ұшу құрамының әскери қызметкерлеріне; Ауғанстанда кеңестік әскери құрамға қызмет еткен, әскери әрекеттерді қамтамасыз етуге қатысқан, бұрыңғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған, немесе жарақаттанған, зақымданған, мүгедек болып қалған жұмысшылар мен қызметкерлерге, сондай–ақ 1986–1987 жылдары Чернобыль АЭС- ындағы апаттық, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;
      Әлеуметтік көмек төлемін 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) санаттарына Саран қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына жазбаша өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеушінің тіркелу номері және екінші деңгейлі банктің шот номерімен қоса ұсынған тізімі негізінде жүргізілсін.
      Балаларды қорғау күніне арналған мерекесіне орай:
      11) мүгедек - балаларға.
      Әлеуметтік көмек төлемін Саран қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы жазбаша өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеушінің тіркелу номері және екінші деңгейлі банктің шот номері, медициналық - әлеуметтік сараптау қорытындысымен қоса ұсынған тізім негізінде жүргізілсін.
      Мүгедектер күні мерекесіне орай:
      12) 1, 2, 3 топ мүгедектеріне.
      Әлеуметтік көмек төлемін Саран қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы жазбаша өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеушінің тіркелу номері және екінші деңгейлі банктің шот номері, медициналық - әлеуметтік сараптау қорытындысымен қоса ұсынған тізім негізінде жүргізілсін.
      Жүріп - тұруға арналған әлеуметтік көмек:
      13) жасына байланысты зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген зейнетақының минималды көлемінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақы және зейнетақы қаланың қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жүріп - тұруына арналған әлеуметтік көмек көрсетуге.
      14) 1, 2 топ мүгедектеріне қаланың қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жүріп - тұруына арналған әлеуметтік көмек көрсетуге.
      15) Көз ауруы бойынша 1 топтағы мүгедектеріне және кресло - арбалармен жүретін 1, 2 топ мүгедектерін арнайы көлікпен қамтамасыз ету қызметтерінің төлемдеріне.
      Жүріп - тұруға арналған әлеуметтік көмекті тағайындауды өтініш берген айдан бастап жүргізілсін және мүгедектікті белгілеген ай мерзімінің аяқталуымен тоқтатылсын. Төлемдердің қайтадан басталуын медициналық-әлеуметтік сараптау қортындысын ұсынған айдан бастап жүргізілсін.
      Әлеуметтік көмек төлемдерін Саран қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы жазбаша өтініші, жеке куәлігі көшірмесі, салық төлеушінің тіркелу номері және екінші деңгейлі банктің шот номері, медициналық-әлеуметтік сараптау қортындысы, мүгедектердің жеке сауықтыру бағдарламасымен (мүгедектік арбаны пайдаланатын мүгедектер үшін) қоса ұсынған тізім негізінде жүргізілсін.
      Жүріп - тұруға арналған төлем тоқсан сайын тоқсанның соңғы айында және бір ғана негіз бойынша жүргізілсін.
      Коммуналдық қызметтерді төлеуге:
      16) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, жылу беру мерзімінде әлеуметтік көмек анықталсын, қазан айынан сәуір айын қоса және мамырдан–қыркүйек аралығында белгіленсін.
      Әлеуметтік көмек төлемдерін Саран қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін.
      Бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек:
      17) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған қала азаматтарына.
      18) мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына.
      Төлем мемлекеттік атаулы көмек алушылар тізімі, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар тізімі негізінде, мөлшерде ай сайын жүргізілсін.
      19) амбулаторлық емделу мерзімінде туберкулезбен ауыратын азаматтарға, бір реттік төлем жүргізілсін.
      Төлем жеке куәлігі мәліметтері, салық төлеушінің тіркелу номері және екінші деңгейлі банктің жеке тұлға шот номері көрсетілген денсаулық сақтау органының тізімі негізінде жүргізілсін.
      20) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шет елдердің аумағында партизан отрядтары құрамында жасырын топтарымен басқа да антифашистік құрылымдарда болған фашистік Германияға және оның одақтастарын қарсы әскери әрекеттерге қатысқан тұлғаларға;
      21) бұрыңғы КСР Одағын қорғау кезінде жараланған, зақым алған, ауруға ұшыраған, мүгедек болып қалған және майданда болуына байланысты ауруға ұшырағандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа да әскери әрекеттер болған мемлекеттерде әскери борыштарын өткізгендерге;
      22) бұрыңғы КСР Одағының Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған басқарушы және қатардағы құрамда болған адамдарға, қызметтік міндеттерін атқару жолында жараланған, зақым алған, ауруға ұшыраған, мүгедек болып қалған және майданда болуына байланысты ауруға ұшыраған адамдарға;
      23) 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсан айы аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлерге.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 2009.02.26 N 226 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Әр түрлі негіздер бойынша қосымша әлеуметтік көмекке құқығы бар болған кезде, төлем бір ғана негіз бойынша жүргізілуі тиіс, тек осы шешімнің 1 тармағының 13), 14), 15), 16) тармақшаларынан басқа.
      3. Әлеуметтік көмек төлемі жәрдемақыға құқығын жоғалтқан айдан немесе алушының қайтыс болуынан кейін тоқтатылады.
      4. Қалалық қаржы бөлімі (Р.Б. Малшыбековаға) 007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға қала бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде, жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету бойынша шараларды уақытында қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияға – К.Қ. Сатоваға, әкімнің орынбасарлары – М.Е. Блокқа, Л.Н. Кимге жүктелсін.
      6. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            Е. Туркавский
      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады