Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2009 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 197 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 13 сессиясының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 226 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 сәуірде N 8-7-81 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Cаран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы N 2-27/63 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2011.05.11 N 2-27/63 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2009 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 197 шешіміне (Қарағанды облысы Саран қаласы әділет басқармасында 2009 жылы 27 қаңтарда 8–7–79 нөмірмен тіркелген, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 31 қаңтарда N 5 жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспе бөлігіндегі "мемлекеттік басқару" тіркесі "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын;
      2) 1 тармақта:
      1) тармақшасындағы "- бес мың теңге" сөздері жойылсын;
      2) - 9), 11), 12) тармақшалардағы "- екі мың теңге" сөздері жойылсын;
      10) тармақшасындағы "- үш мың теңге" сөздері жойылсын;
      13), 14) тармақшалардағы "- ай сайын үш жүз теңге" сөздері жойылсын;
      15) тармақшасындағы "- ай сайын екі мың теңге" сөздері жойылсын;
      16) тармақшасындағы "Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектеріне қазаннан бастап сәуір айын қосқанда жылыту мерзіміне 6000 теңге көлемінде, мамырдан бастап қыркүйекке дейін – 3000 теңге" келесі сөйлемімен ауыстырылсын: "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, жылу беру мерзімінде әлеуметтік көмек анықталсын, қазан айынан сәуір айын қоса және мамырдан–қыркүйек аралығында";
      18) тармақшасының екінші абзацында "екі есептік көрсеткіш  көлемінен аспайтын" сөздері жойылсын;
      19) тармақшасындағы "он екі мың теңге көлемінде" сөздері жойылсын.
      3) 1 тармақтың 1) тармақшасы "соғысқа қатысушыларға және мүгедектерге" сөйлемі "бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде, сондай-ақ бұрыңғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия, флот құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер қатарында болған мүгедектерге, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери–теңіз базалары мен әуежайларды салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген жұмысшылар мен қызметшілерге" сөйлемімен ауыстырылсын;
      4) 1 тармақтың 2) тармақшасы "әскери қызметкерлерге және ерікті құрамдағы тұлғаларға" сөйлемі "қорғанысқа қатысу майданындағы армия бөлімдерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептелген және қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай–ақ бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының, Кеңестік армия, Әскери–теңіз флотының, Ұлы Отан соғысы кезінде армия құрамына енген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымды атқарған, немесе осы мерзімдерде қалалардың қорғанысына қатысқан, әскери қызметкерлер үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептелген ерікті жалданбалы құрамында болғандарға" сөйлемімен ауыстырылсын;
      5) 1 тармақтың 3) тармақшасы "Ұлы Отан соғысы кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерде болған, бұрыңғы кәмелетке толмаған, мәжбүрлі түрде ұсталған тұтқындарға" сөйлемі "екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа еркінен тыс қамауда болған бұрыңғы кәмелетке толмаған тұтқындарға" сөйлемімен ауыстырылсын;
      6) 1 тармақтың 5) тармақшасы "Ұлы Отан соғысы жылдарында мінсіз әскери қызметі және батыл еңбегі үшін, бұрыңғы КСР одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адамдарға" сөйлемі "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы КСР Одағының батыл еңбегі және әскери қызметі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған адамдар, сондай ақ 1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттық зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еріктерімен көшкен) адамдар және қоныс аударған күні анасының құрсағындағы балалар" сөйлемімен ауыстырылсын;
      7) 1 тармақтың 6) тармақшасы "Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің (қайтыс болғандардың, хабарсыз кеткендердің) қайталап некеге отырмаған зайыптарына" сөйлемі "Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған (өлген, хабар–ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ата–аналарына" сөйлемімен ауыстырылсын;
      8) 1 тармақтың 7) тармақшасы "қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне)" сөйлемі "соғыста қаза болған мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) және соларға теңестірілген мүгедектерге, сондай–ақ "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған, екінші некеге отырмаған жалпы ауру нәтижесінде, еңбектің зардабы, және басқа себептермен мүгедек болып қалған, қаза болған азаматтардың, партизандардың, астыртын жауынгерлердің әйелдеріне (күйеулеріне)" сөйлемімен ауыстырылсын;
      9) 1 тармақтың 8) тармақшасы "Ұлы Отан соғысы жылдарында алты ай еңбек еткен азаматтарға" сөйлемі "1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында алты айдан аса жұмыс істеген (қызмет атқарған) азаматтарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл жауынгерлерінің ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы кеңес одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға" сөйлемімен ауыстырылсын;
      10) 1 тармақтың 9) тармақшасы "қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына" сөйлемі "әскери қызметкерлердің, қаза болғандардың (хабар–ошарсыз кеткендердің), немесе Ауғанстанда немесе басқа да әскери әрекеттер болған мемлекеттерде әскери борыштарын өтеу кезінде жараланған, зақым алған, мүгедек болып қалған, ауруға ұшырағандардың отбасыларына, бейбіт өмірде әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс болған (өлген) әскери қызметкерлердің отбасыларына" сөйлемімен ауыстырылсын;
      11) 1 тармақтың 10) тармақшасы "басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысушыларға, Чернобыль атом электр станциясында апат салдарынан кейінгі зиянды заттарды жоюға қатысқан тұлғаларға" сөйлемі "бұрыңғы КСР Одағының өкімет органдарының шешімдеріне сәйкес, басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңестік армияның, Әскери–теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрыңғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), бұрыңғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес, басқа мемлекеттердің аумағында әскери әрекеттерге қатысқан; әскери әрекеттерді жүргізу кезінде оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге; әскери әрекеттерді жүргізу кезінде Ауғанстанға жүктерді жеткізу үшін жіберлігендерге; бұрыңғы КСР Одағы аумағынан Ауғанстанға әскери тапсырмалар үшін ұшу құрамының әскери қызметкерлеріне; Ауғанстанда кеңестік әскери құрамға қызмет еткен, әскери әрекеттерді қамтамасыз етуге қатысқан, бұрыңғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған, немесе жарақаттанған, зақымданған, мүгедек болып қалған жұмысшылар мен қызметкерлерге, сондай–ақ 1986–1987 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттық, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға" сөйлемімен ауыстырылсын;
      12) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 20), 21), 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шет елдердің аумағында партизан отрядтары құрамында жасырын топтарымен басқа да антифашистік құрылымдарда болған фашистік Германияға және оның одақтастарын қарсы әскери әрекеттерге қатысқан тұлғаларға;
      21) бұрыңғы КСР Одағын қорғау кезінде жараланған, зақым алған, ауруға ұшыраған, мүгедек болып қалған және майданда болуына байланысты ауруға ұшырағандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа да әскери әрекеттер болған мемлекеттерде әскери борыштарын өткізгендерге;
      22) бұрыңғы КСР Одағының Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған басқарушы және қатардағы құрамда болған адамдарға, қызметтік міндеттерін атқару жолында жараланған, зақым алған, ауруға ұшыраған, мүгедек болып қалған және майданда болуына байланысты ауруға ұшыраған адамдарға;
      23) 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсан айы аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлерге.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияға – К.Қ. Сатоваға, әкімнің орынбасарлары – М.Е. Блокқа, Л.Н. Кимге жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Т. Глотова

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады