Әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қаңтарда N 8-8-61 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуді 2009 жылдың қаңтарынан наурызына дейін жүргізілсін.
      2. Долинка, Новодолинский, Шахан кентінің әкімдері (Е.О. Солтабаев, З.С. Жапарова, А.Е. Клюев) азаматтардың ұйымдастырылған міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишев әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуге алу және ұйымдастыру мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
      4. Әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге алу қорытындысы туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2009 жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
      5. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                         Қ. Мұқатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады