Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарына квота орнату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 12/01 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 08 шілдеде N 8-9-43 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 21/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 03.06.2016 № 21/13 қаулысымен.
      Мүгедектерге тіршілік әрекеті және қоғаммен қауымдасу үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпорындарға, ұйымдарға, меншіктің барлық нысанындағы мекемелерге мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 % көлемінде квота орнатылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.

Әкім
Т. Алтынбеков

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады