2009 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігі 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 35/02 каулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылы 12 қаңтарда N 8-9-53 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 желтоқсандағы N 28/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009.12.03 N 28/07 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте өкілетті органда тіркелген мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрсын.
      2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ақсанов Серік Айткенұлы):
      1) Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыстарды жүргізсін;
      2) Осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасау бойынша жұмыстарды жүргізсін;
      3) Әлеуметтік жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыруға, жасалған шарттардың орындалуына байланысты жұмыстарды жүргізсін;
      4) Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;
      5) Мақсатты топтардағы жұмыссыздардың еңбек төлеміне кететін жұмыс берушінің шығындарының өтемін жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақы төлемінен 50 % мөлшерде қамтамасыз етсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбек төлемін келесі мөлшерде қамтамасыз етсін: жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген ең төмен еңбекақы төлемінен 50 % мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ең төмен еңбекақы төлемінен 50 % аз емес мөлшерде.
      4. (Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтарда Абай ауданының әділет басқармасында тіркелген N 8-9-40, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) 2007 жылғы 28 желтоқсандағы "2008 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы" N 28/02 қаулының күші жойылған болып танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады