Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциздік ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 9 сессиясының 2008 жылғы 18 қарашадағы N 107 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 қарашада N 8-10-72 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2011 жылғы 09 маусымдағы N 309 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2011.06.09 N 309 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 257–бабына және 258–бабының 4–тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салық және акциздер ставкалары 2008 жылдың 1 қаңтар айынан бастап қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірыңғай салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Р. Жарылғасынов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданы бойынша салық
      басқармасының бастығы                     Қ. Болғанбаев
      18.11.2008 жыл

Ақтоғай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 қарашадағы
9 сессиясының N 107 шешіміне
қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне акциздік базалық ставкасының төлем мөлшерлемесі көлемі

реті

Қызмет көрсету түрлері

бір жылға ойын бизнесі объектісіне акциздің базалық ставкасы (айлық есеп көрсеткішінен еселеп алынғанда).

1.

Тотализатор кассасы

200

2.

Букмекер кеңселерінің кассасы

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады