Ақтоғай ауданы бойынша 1992 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 16/01 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 желтоқсанда N 8-10-74 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 5-1/193 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.27 N 5-1/193 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңдарына және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес 1992 жылғы туған азаматтарды Ақтоғай ауданы бойынша Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алу үшін Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1992 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін Заңның 17 бабының 5 тармағында көрсетілгендей құрамда аудандық комиссия құрылсын:
      Бекмағамбетов Болат        - комиссия төрағасы, Балқаш
      Абдикешович                  қаласының қорғаныс істері
                                   жөніндегі біріктірілген бөлімінің
                                   бастығы;
      Тлеубергенов Бекет         - комиссия төрағасының орынбасары,
      Зекенұлы                     Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары

      Комиссия мүшелері:

      Мұхаметбеков Нұрлан        - Ақтоғай ауданының ішкі істер
      Амандыкович                  бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік
                                   бөлімшесінің бастығы;
      Естеков Шәріп              - Ақтоғай ауданының медицина
      Құрмашұлы                    бірлестігі директорының
                                   орынбасары;
      Хасенова Манат             - комиссия хатшысы
      2. 1992 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне тіркеуге алу мерзіміне "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының (әрі қарай- Заң) Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес төмендегі іс шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:
      1) Ауданның білім бөлімі, селолық, поселкелік округтерінің және кент әкімдері тіркеуге алынатын азаматтарды дәрігерлік куәландыру және оларды мекен-жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне дейін және кері қарай жүріп-тұру жұмыстарын ұйымдастырсын;
      2) Әскерге шақыру (жиын) пунктері үшін қызмет ғимараты мен орны (кажетті жағдайда ғимаратты жалға алу) коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету) электр жарығы, сумен, тазалықпен, жылу берумен қамтамасыз ету т.б) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдарымен, автокөлікпен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен медицина және шаруашылық мүлкімен жабдықталсын;
      3) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Р. Жарлығасынов) 1992 жылғы туған азаматтарды дәрігерлік куәландыруден өткізу үшін, әскерге шақыру учаскелерін қажетті маман дәрігерлермен, орта медбибілермен қамтамасыз етсін және азаматтарды емдеу үшін арнайы орындар бөлсін;
      4) Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Түсіпбеков) 1992 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу мерзіміне яғни, 2009 жылдың 3 қаңтарынан 31 наурызына дейін тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне 2 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін;
      3. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелғабдин) Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес 1992 жылғы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды 2009 жылғы аудандық бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырылсын.
      4. Ауданның ішкі істер бөлімі (С.А. Дюсебаев - келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3 тармағына сәйкес тіркеуге алынудан жалтаратын азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. Ауданның барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына және меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа да ұйым, қоғам басшыларына Заңның 17 бабына сәйкес 1992 жылғы туған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге тіркеуге алудың маңыздылығы ескертілсін.
      6. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмағамбетов - келісім бойынша) 1992 жылғы туған азаматтардың Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2009 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               М.С. Жарылғап

      КЕЛІСІЛДІ
      Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімінің бастығы
      ___________ Б.А. Бекмағамбетов
      10 желтоқсан 2008 жыл

      Ақтоғай ауданы ішкі істер
      бөлінің бастығы
      _____________ С.А. Дюсебаев
      10 желтоқсан 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады