Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесірлеріне материалдық көмектер көрсету туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 01 сәуірдегі N 52 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 сәуірде N 8-13-46 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесірлеріне тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді төлеу үшін оң екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесірлеріне "9 мамыр – Жеңіс күніне" он мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілсін.
      3. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.М. Жұманбаев) материалдық көмектерді заңға сәйкес тиісті адамдарға тізім бойынша төлесін.
      4. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Ахметжанов) материалдық көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырсын.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы" Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 27 қарашасындағы N 1/282 қаулысының күші жойылсын (Қарқаралы ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 12 желтоқсандағы N 8-13-37 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінде 2007 жылдың 22 желтоқсандағы N 101-102 нөмірінде жарияланған).
      6. Осы қаулы Қарқаралы ауданының әділет басқармасына мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен уақыттан бастап күшіне енеді.

      Қарқаралы ауданының әкімі                  Н.И.Омарханов

      "Келісілді"
      "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б. Ахметжанов
      31 наурыз 2008 жыл

      "Келісілді"
      "Қарқаралы ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б. Жұманбаев
      31 наурыз 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады