Киевка кенті көшелерінің аттарын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінің әкімінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 ақпанда N 8-14-66 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып және Киевка кентінің Ленин, Киров, Пржевал, Скалозубов көшелерінің тұрғындары атынан ұсынылған көшелерінің атын өзгерту туралы өтінулеріне қарап:
      1. Киевка кентінің келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      2) Киров көшесі Жамбыл көшесіне;
      3) Пржевал көшесі Ш. Уалиханов көшесіне;
      4) Скалозубов көшесі Жолдекей Нұрмағанбетұлы көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      Кент әкімі                                 Б. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады