Байтуған және Жаңа құрылыс ауылдары көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Байтуған селосының әкімінің 2008 жылғы 06 маусымдағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 11 маусымда N 8-14-77 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Байтуған ауылының Молодежная, Комсомольская, Ленина, Советская, 60 лет Октября көшелерінің және Жаңа құрылыс ауылының Озерная көшесінің тұрғындарының өтініштерін қарап:
      1. Байтуған ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Молодежная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      2) Комсомольская көшесі Достық көшесіне;
      3) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      4) Советская көшесі Абай көшесіне;
      5) 60 лет Октября көшесі Жеңістің 60 жылдық көшесіне.
      2. Жаңа құрылыс аулының Озерная көшесінің атауы Ынтымақ көшесіне өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі                                 Н. Шомбинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады