Көбетей ауылының көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылының әкімінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 03 маусымда N 8-14-75 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Көбетей ауылының Целинная көшесі тұрғындарының өтінішін қарап:
      1. Көбетей ауылының келесі көшесінің атауы өзгертілсін:
      Целинная көшесі – Былкилова көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауын өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі                                 Т. Рахимбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады