Шет ауданында тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Қағида туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 8/113 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қазанда N 8-17-63 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабын және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шет ауданында тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясына (Х. Әбітаева) және аудан әкімінің орынбасары Б. Төлеукұловке жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық Мәслихаттың хатшысы               Р. Мақсұтов

Аудандық Мәслихаттың
2008 жылғы 30 қыркүйектегі
VІІІ-сессиясының N 8/113
шешімімен бекітілген

Шет ауданында тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету
Қағидасы

      1. Осы Шет ауданында тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және Шет ауданында тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің тәртібін белгілейді.

2.Жалпы Қағидалары

      2. Осы Қағида мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер);
      2) денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - әлеуметтік сала мамандары) – Шет ауданында ауылдық жерлерде тұратын және ауданның денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;
      3) отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) – отын сатып алу үшін әлеуметтік сала мамандарына жылына бір рет тағайындалып, төленетін ақшалай төлем.
      4) комиссия - денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінде жауапты қызметкерлерден құрылатын, отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия.

3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

      3.1 Әлеуметтік сала мамандары жұмыс орны бойынша комиссияға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмекке жазбаша өтініш жасайды.
      Өтінішке қоса тұрғылықты жерін растайтын құжат беріледі. (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі).
      3.2 Әлеуметтік көмек мемлекеттік мекемелерде 1 жыл немесе одан да артық мерзімде жұмыс істеген жағдайда тағайындалады, 1 жылдан кем жұмыс істеген мамандарға тағайындалмайды.
      3.3 Әлеуметтік көмек алуға түскен өтініштер 15 күн ішінде комиссия отырысында қаралады.
      3.4 Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді және қабылданған шешім өтініш иесіне жазбаша хабарланады.
      3.5 Әлеуметтік көмекті пайдалануға құқы бар екі немесе одан да көп бірге тұратын мамандар болса, онда әлеуметтік көмек олардың әрқайсысына жеке тағайындалады.

4 .Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      4.1 Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Шет ауданының бюджеті болып табылады.
      4.2 Әлеуметтік көмек "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бағдарлама әкімшісі болып табылатын "Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасында осы мақсатқа көзделген қаражаттар шегінде жүзеге асырылады.
      4.3 Әлеуметтік көмектің мөлшері әр әлеуметтік сала маманына бір жылға 4000 (төрт мың) теңге көлемінде төленеді.
      4.4 Мемлекеттік мекемелерде құрылған комиссиялар әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия шешімін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады. Комиссия шешіміне әлеуметтік көмек тағайындалған мамандардың тізімі (жазбаша және электронды түрде) қоса беріледі.
      4.5 Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынылған тізім негізінде әлеуметтік көмекті екінші деңгейдегі банктер бөлімшелеріндегі алушылардың жеке шоттарына аударады.

5. Әлеуметтік көмектің уақытылы тағайындалуы және төленуі үшін жауапкершілік

      5.1 Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуінің дұрыстығына комиссия және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.
      5.2 Әлеуметтік көмек бойынша есеп жүргізу ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бөліміне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады