Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10/134 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қаңтарда N 8-17-69 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 60 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2011.04.12 N 60 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 419, 420, 421, 422 баптарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ойын бизнес объектілеріне тіркелген жиынтық салық ставкалары 2009 жылдың 1 қаңтар айынан бастап қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Шет ауданы бойынша салық басқармасына бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірінғай салық ставкаларын қолдану тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Жүніске жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Үдешов

      Аудандық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Р. Мақсұтов

Аудандық Мәслихаттың
2008 жылғы 25 желтоқсанындағы
Х сессиясының N 10/134 шешіміне
қосымша

Шет ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салықты есептеу мен төлеушілер үшін ставкаларын бекіту туралы.

N

Атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Салық ставкасы

1

Ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1

Айлық есептік көрсеткіш

5

2

Жеке компьютер

1

-"-

1

3

Бильярд үстелі

1

-"-

10

4

Ойын жолы

1

-"-

50

5

Карт

1

-"-

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады