Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 30/7 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2008 жылы 29 желтоқсанда N 8-4-125 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 18/42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2009.08.25 N 18/42 қаулысымен.

      Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығы және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңнамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласында аудио, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.А. Жұмахановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Н. Бікіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады