Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 2010.04.02 N 13-16/957 хатымен.
"Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы"
Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 471 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4202-нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 84 "Сыр бойы"
және 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 60 "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасындағы:
облыстық шақыру комиссиясының құрамына:
Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы - Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психологы, комиссия мүшесі болып енгізілсін;
көрсетілген комиссия құрамынан Ысқақова Нэлля Нәбиқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б.Қуандықов
"Келісілді":
Қызылорда облысының
қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы
Тоқманбетов Сұлтан Әбуұлы
_________________________
2008 жылғы "21" қазан
"Келісілді":
Қызылорда облысының
қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің психологы
Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы
_________________________
2008 жылғы "___"______