Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қызылорда облысының Әділет Департаментінің 2009.08.11. N 2/5977 хатымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. "Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 85 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қызылорда облысы әкімінің Б.Мұхамедовке жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Б. Қуандықов
Қызылорда облысы
әкімдігінің 2008 жылдың
31 қазан N 140 қаулысымен
Бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды өңірлік есепке қою"
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою (бұдан - әрі мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет
"Неке және отбасы туралы"
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 101 бабының 3 тармағы "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі
N
1346
қаулысымен
бекітілген "Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырған есепке алуды ұйымдастыру Ережесінің" 2 тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен ұсынылады, Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1 күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минут;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қызылорда облысы әкімінің ресми сайтында www.kyzylorda.kz орналастырылған, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша орналасқан стендтерде, үлгілермен ақпараттық тақтайшаларда мемлекеттік қызметті көрсету ғимараттарында орнатылған.
10. Жұмыс кестесі: жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою бойынша құжаттарды қабылдау күн сайын (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 13
00
- ден 15
00
- ге дейін түскі үзіліспен сағат 09
00
- ден 19
00
- ге дейін алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Азаматтарды қабылдау бөлмелері қызметті тұтынушылармен жұмыс үшін жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар қарастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжат Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысандағы баланың анкетасы.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер қарастырылмаған.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжат "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, N 7 кабинет.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжатты тапсырғанын растайтын құжат тіркеу журналындағы жазба (белгі) және мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон болып табылады.
16. Қызмет көрсету нәтижесі тұтынушының "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жеке бару барысында ұсынылады.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жауапты тұлғасымен 14 тармақта көрсетілген мекен-жайы бойынша беріледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негізі жоқ.
18. Қызмет көрсету барысында тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, құжаттарды белгіленген мерзімде алған сәтке дейін сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа
қосымшаға
сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылады, мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, N 7 кабинет электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru, телефон: 26-13-79.
22. Шағым "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінне жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru. немесе құжаттамалық бөлімі арқылы қолма қол беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібімен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, есепке алынуға, тіркелуге және қаралуға жатады.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетілген шағымдарды және сұратуларды тіркеу талоны болып табылады.
Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын, шағымның
қаралу барысы туралы "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде білуге болады, мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, N 2 кабинет, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru.
24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
1) "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru, телефоны: 26-13-79, қабылдау кестесі: жұма 15
00
-ден 19
00
- ге дейін;
2) "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru, телефоны: 27-29-37, қабылдау кестесі: сәрсенбі 15 00 -ден 19 00 -ге дейін;
3) Қызылорда облысының әкімдігі: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, www.kyzylorda.kz сайты.
25. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою мәселелері бойынша консультацияны "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде алуға болады, Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, телефон: 27-29-37.
"Жетім балаларды және
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды өңірлік есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол
|
Көрсет-
|
Көрсет-
|
Көрсет-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
99 |
100 |
99 |
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
99 |
99 |
99 |
3.3. Интернет арқылы қол
|
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0 |
0 |
0,1 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттадырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4.3. шағымданудың қолданыстаңы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.4. шағымдану мерзіміне
|
100 |
100 |
100 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған
|
100 |
100 |
100 |