Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 1962 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2008 жылы 11 наурызда N 10-1-84 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 1149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2009.03.17 N 1149 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қызылорда қаласы әкімиятының 2005 жылғы 25 сәуірдегі "Қалалық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу кұқығымен (кұқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы" N 1468 қаулысына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Т.Сәтбаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 С. Қожаниязов

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 26 ақпан
N 1962 қаулысымен
бекітілген

Қалалық коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері
Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)      

Реттік
саны
Коэффициенттер түрі Коэффициент
саны мөлшері

1

Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент
(Ктұр)


Кеңселік

1,0

өндірістік

0,8

қоймалық, буқазандық

0,6

басқалар үшін

0,9

2

Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін
коэффициент (Ктүр)


бөлек тұрған

1,0

кіріктірме-жапсарлас бөлігі

0,9

цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі

0,8

өжіре бөлігі

0,7

3

Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж)


барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен 1,0 жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды



1,0

4

Аймақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка):


Қызылорда облысының орталығы үшін:
қала орталығы
қала шет аймағы
қаланың қалған бөлігі

     
2,0
1,2
1,5

аудан орталығы емес қыстақтар, ауылдар үшін

1,0

5

Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқ):


банктердің, "Қазпошта" АҚ есеп айырысу-кассалары үшін

2,0

брокерлік және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін

3,0

қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5

Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін:
жоғарғы білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру

 
1,1
0,9
0,8

орта және арнайы орта білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін

0,9

басқалар үшін

1,0

6

Жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Құқ):


      Ескертпе:
      1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:
      Жа = Еа х А х Қтұр х Ктүр х Кж х Ка х Кқ х Құқ
      Еа - 1 шаршы метрге жылдық жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңге;
      А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Қтұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
      Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
      Ка - аймақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Құқ - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
      Жа = Қ х Nан/100 х Кт
      Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Қ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
      Nа - Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 110 бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кт - төмендету коэффициенті(жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде - 0,8 мөлшерде, сауда-сатып алу
(делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа
қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде-0,5).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады