Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 1149 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2009 жылы 06 сәуірде N 10-1-110 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 01 ақпандағы N 5609 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 01.02.2013 N 5609 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2009 жылғы 3 ақпандағы N 2/785 заң бұзушылығын жою туралы ұсынысына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің      теңгерімінде тұрған объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 1962 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-1-84 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы N 65-66 "Ақмешіт ақшамы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                                    М. ЕРГЕШБАЕВ

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 17 наурыз
N 1149 қаулысымен бекітілген

Қалалық коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен
қолданылатын коэффициенттер мөлшері             Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)    

Реттік саны Коэффициенттер түрі Коэффициент мөлшері

1

Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент (Ктұр)



Кеңселік

1,0


өндірістік

0,8


қоймалық, буқазандық

0,6


басқалар үшін

0,9

2

Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр)



бөлек тұрған

1,0


кіріктірме-жапсарлас бөлігі

0,9


цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі

0,8


өжіре бөлігі

0,7

3

Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж)



барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды

1,0

4

Аймақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка):



Қызылорда облысының орталығы үшін:

қала орталығы

қала шет аймағы

қаланың қалған бөлігі


2,0

1,2

1,5


аудан орталығы емес қыстақтар, ауылдар үшін

1,0

5

Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқ):



банктердің, "Қазпошта" АҚ есеп айрысу-кассалары үшін

2,0


брокерлік және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін

3,0


қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5


Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін:
жоғарғы білім беру

орта білім беру

мектепке дейінгі білім беру


1,1

0,9

0,8


орта және арнайы орта білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін

0,9


басқалар үшін

1,0

6

Жалға алушының ұйымдастырушылық - құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқ):



мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін

1,3


сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін

1,2


жеке кәсіпкерлер үшін

1,1


акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8


мемлекеттік кәсіпорындар үшін

0,7


Республикалық, облыстық мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

      Ескертпе:

      1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:

      Жа = Еа х А х Ктұр х Ктүр х Кж х Ка х Кқ х Кұқ
      Бұд жерде:
      Жа – жалға алынған алаңның жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі;
      Еа - 1 шаршы метрге жылдық жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңгемен;
      А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Ктұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
      Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
      Ка - аймақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Кұқ - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
      Жа = Ққ х Nаm/100 х Кт
      Бұл жерде:
      Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ққ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
      Nm - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кт - төмендету коэффициенті ( жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде - 0,8 мөлшерде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде - 0,5).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады